Техниалық кеңес өтті  

Жаңалықтар
20.10.2017, 10:17
Оқуға 2 мин
ЖТ Жамбыл бөлімшесінде аймақтағы барлық темір жол мекемелерінің қатысуымен күзгі комиссиялық байқаудың қорытындысы бойынша техникалық кеңес өтті. Басқосуда соңғы бір айдың көлемінде өткен байқаудың нәтижесі, орын алған олқылықтар сөз болып, жетістіктер де айтылды. Жиынды жүргізген ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов көктемгі және күзгі комиссиялық байқауға дайындық, қозғалыс қауіпсіздігін ширатуда қолданысқа енгізіліп отырған соңғы технологиялар роліне тоқталды. Атап айтқанда, бір ғана «Дрон» ұшыру аппаратының теміржолшыларға көп көмегі тиіп отыр екен. Әуеден бақылау арқылы көптеген кемшіліктердің алды алынып, жедел әрекет етудің мүмкіндігі артқан. Сондай-ақ, өзге де технологиялар осындай жұмыстарға қолданылуда. Жалпы, күзгі байқаудың қорытындысы бойынша магистральді желі бөлімшесіне қарасты шаруашылықтар бойынша 826 ескерту берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 оқиғаға төмен. Ал берілген ескертулердің 470-і дереу қалпына келтіріліпті. Күзгі комиссиялық байқаудың қорытындысы бойынша  жоғары  дайындықтарын көрсеткен, Яяни, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, техникалық құжаттар айналымы, қызметкерлерді техникалық оқыту, қызметтік ғимараттарды абаттандыру және жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, эстетикалық талаптарды сақтауда жақсы нәтиже көрсеткен мекемелер қатарында Хантау, Ақтаутас, Бурыл, Үшбұлақ, Ақыртөбе, Мыңарал сынды станциялар мен ПЧМ Шу, ШЧ-51, ЭЧ-22 аталып өтті. Техникалық кеңесті қорытындылаған Берік Сағымбекұлы күзгі комиссиялық байқаудың нәтижесі қанағаттанарлық деп баға берді. Жиын соңында байқауға жоғары дайындықпен келген Бурыл станциясының бастығы Айдын Сейтбенбетов, Ақтаутас станциясының бастығы Қайрат Култумаев, Бурылбайтал станциясының бастығы Шалқыма Құтжанова, Хантау станциясының бастығы Халим Есентай, Ақыртөбе станциясының бастығы Ізбасар Үсіпбеков, Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушілері – Амантай Қазмаханов, Әділқұл Шартыбаев, Жетпісбай Қарабековтер ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі директорының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды