2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында теміржол және автомобиль көлігімен жүк тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды міндетті түрде қолданудың бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Навигациялық пломбалар келесі тауарлардың тасымалдануын бақылау үшін қолданыла бастады:

  • санкциялық тауарлар;
  • алкоголь және темекі өнімдері;
  • киім, аяқ киім, техника;
  • құрамында никотині бар өнімдер;
  • никотин шикізаты.

Келесі кезеңдерде тасымалдау үшін навигациялық пломбаларды қолдану міндетті болатын жүк санаттарының тізімі одан әрі кеңейтілетін болады.