Тоғыз айдағы толымды іс
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өткен тоғыз айда техникалық жоспарға эксплуатациялық қызметтің негізгі көрсеткіштерді түгелге жуық орындап шықты деуге болады. 16 көрсеткіштің тек біреуі ғана межеге жетпей қалған.
Тоғыз айда толымды істер атқарылды. Таратып айтсақ пайдалану жүк айналымы 105,3 пайызға, жүктерді тиеу 107,6 пайызға, пайдалану жүк айналымы 105,3 пайызға, жүк тиеу 107,6 пайызға т.т. асыра орындалған. Басқармамен шешілген жоспардың 15-і орындалып, пайдалану жүк айналымы 101,6 пайызға, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі 112 пайызға, жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі 109,9 пайыз көрсеткішке жетті.
Техникалық жоспарға негізгі 1 пайдалану көрсеткіші орындалмады. Ол - пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы, 0,09 км/сағ немесе 0,2 пайызға кеміді. Басқармамен шешілген жоспарға да 1 көрсеткіш орындалмады. Ол - жүк тиеу 459 мың тоннаға немесе 6,3 пайызға төмендеді. Жүк пойызы қозғаласының орташа техникалық жылдамдығы техникалық жоспарға 99,8 пайызға орындалды. 0,09 км/сағатқа кеміген.
Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы Болатбек Меңдешовтың берген мәліметіне сүйенсек, жоспардың орындалмау себебі, пойыздардың перегондағы жүрісі уақытын ұстамау санының артуы (186 жағдай 95,2 сағатқа), жылдамдықты төмендетуге берілген ескертпелердің наурыз айында артуы. Бұған қоса қаңтар айында, наурыз айының 3-ші кезеңінде ауа-райының күрт өзгеріп, қалың тұман мен күшті жел де жоспардың орындалуына кесірін тигізген. Бұл жағдайлармен бірге, көрсеткішке машинистердің қағаз маршруттан электронды маршрутқа көшуіне байланысты орын алған кем-кетіктер де себеп болған көрінеді.
Сондай-ақ, басқару жоспарына жүк тиеу 93,7 пайызға орындалып, жүктелімнің төмендеуі тамыз айындағы Теніз газөңдеу зауытының учаскелік нысандарына жүргізілген жөндеу жұмыстары және ЕБЗ- ға (Екінші Буын Зауыты) капиталды жөндеу жұмысынан қыркүйек айында «Теңішевройл» ЖШС -нің шикізатты, сұйытылған газды жөнелту көлемі төмендеуінен болған. Сондай-ақ 18 тамыз бен 19-қыркүйек аралығында «АНПЗ»ЖШС зауытының күрделі және ағымдағы жөндеуге технологиялық құрылымдар орнатуға тоқтатылуымен байланысты «Батыс Транс Групп»ЖШС-нің өнімді жеткізу, жүктеу көлемі кеміді. Сонымен 129310 тоннадан 1930 вагон химикат, 54845 тоннадан 1567 вагон пропан-бутан өнімдерінің болмауы себепті Ақжайық,Тендік бекеті бағыттарына 149220 тоннадан 2487 вагон көлемінде және Құлсары бекеті арқылы «Теңізшевройл» ЖШС жүктеп, экспорттап, мұнай өнімдерін жеткізетін жүк жөнелтуші «Батыс Транс Групп» ЖШС тарапына бас тарту туралы мәлімдемелер алынды. Бұдан басқа Ақжайық, Теңдік бекеттеріне мұнай өнімдеріне жүктелімнің төмендеуіне орай Грушевая, Новоросийская, Вышестеблиевская бекеттеріне екі айға конвенциялық тыйым салынуына қатысты 148380 тоннадан 247 вагон, және 22000 тоннадан 367 вагон көлеміндегі өнімді өзге де жолдармен келіссөз жүргізбегендігі де әсер етті.
Одан өзге қыркүйек айында Карабатан бекеті бағытына экспорттау жүгіне 27300 тоннадан 420 вагон көлемінде және Ақжайыққа 1500 тоннадан 25 вагон көлеміндегі өнімнің жоқтығына байланысты бас тарту хабарлары қабылданған.
-Құлсары және Махамбет бекеттерінен жүк жөнелтуші «ТШО» ЖШС нен жүктеуге берілген мұнай және мұнай өнімдерін игерілмеуіне байланысты 4503 вагонға 15325960 теңге, химикаттарға 2571 вагонға 8750398 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Жүк жөнелтуші «Батыс Транс Групп» ЖШС жүктеуге тапсырылған мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттауға берілген вагондарының игерілмеуіне орай 13708 вагоннан 46655178 теңге көлемінде айыппұл өндірілді,- деді тоғыз айда қол жеткізген толымды жайттарды саралаған Атырау жүк тасымалдау бөлімшесі өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы Болатбек Меңдешов.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды