Қауіпті аймақта қауіпсіздік сақта
Түлкібас жол дистанциясында 31- тамыздан басталып, қазанның соңына дейін жалғасып жатқан «Абайлаңыз! Темір жол – қауіпті аймақ» айлығы барысында дистанция мамандары Боранды, Құмшағал, Абайыл бекеттерінде жергілікті тұрғындармен жиналыс өткізіп, қауіпсіздік жайын сөз етті.
Теміржолға жақын ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары жиналған жиынға Б.Момышұлы, Шақпақ ауылдарының әкімдері де қатысқан. Боранды бекетінде өткен тұрғындармен кездесуге 171 адам қатысып, теміржолшылар теміржолда жүру ережелерімен таныстырған. Бекет бастығы, ЖІІБ полиция қызметкерлері, Түлкібас жол дистанциясының еңбек қорғау инженері теміржолда жүру ережелерімен қоса жол бойында мал жаю тәртібін орындауды талап етіп, балаларды алып жүргенде вагонның астынан өтудің соңы баланың әдетіне айналатынын қатаң ескертті. Бір өкініштісі, темір жол жағасында тұратын тұрғындар мұның бәрін білгенмен, кейбірі орындауға құлықсыз. Ал осы немқұрайлықтың соңы бірде ажал құштырса, кейде сау адамды мүгедек етеді.
Аталған дистанция инженері Аяужан Өтегенова теміржол бойынша балалардың жолаушылар пойызына тас лақтыруы тиылмай тұрғанын жеткізді. Оған қоса, жұмыссыз жастар теміржол құралдарын ұрлап сататынын да жасырмады.
Боранды бекетінің бастығы М. Сәрсенбаев, Құмшағал бекетінің бастығы А. Сүттібаев жиылғандарға осы аумақта болған қайғылы жағдайлар жайлы айтып берді. Теміржолшылар Абайыл бекетіндегі №21 бастауыш мектепте, 117 разъездегі №17 бастауыш мектепте де осындай жиын өткізіп, әсіресе балаларға қауіптен айналып өтуді қатаң ескертті.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды