Жас келсе - іске

Жаңалықтар
20.10.2017, 10:57
Оқуға 2 мин
«Қызылорда–ЖТ» бөлімшесінің бір топ  жастары аймақ теміржолында еселі еңбек жасап зейнет жасына шыққан ардагерлердің тыныс-тіршілігімен танысып, қолғабыс етті. Бөлімше жастарының басын қосып ардагерлерге көмек беру жұмысын ұйымдастырған «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ернар Зинуллаев белсенді жастарды жиып Қызылорда жол дистанциясынан зейнеткерлікке шыққан Әскербек пен Қыпшагүл Қалдыбаевтардың отбасына тұрмыстық көмек көрсетуге аттанды. Үстеріне сары жилет киіп, қолдарына күрек пен тырма ұстаған жастар қариялардың ауласын тазартып бау-бақшасын баптаса, қыздар үй ішін ретке келтіріп, жуып-шайып, зейнеткерлердің алғысына бөленді. Екеуі де жол дистанциясында, бірі мотовоз жүргізушсі, бірі жолшы болып абыройлы еңбек етіп зейнетке шыққан байырғы теміржолшылар  саланың қиын да қызықты шақтарын еске алып, әңгіменің тиегін ағытты. –Біздер жұмыс жасаған уақытта барлық жол күтімі жұмыстары тек қолмен атқарылатын. Жұмыс кезінде жолшылар күнделікті бірнеше шақырым жол жүріп, қос рельстің бабын жасайтын еді. Ол кезде қазіргідей техникалардың қат кезі. Ал қазір естуімше, барлық жұмысты техникаға жүктеп қойыпты деп естимін. Сендердің келгендеріңе қуанып отырмын. Өркендерің өссін, жұмыста нағыз теміржолшыға тән табандылықпен еңбек етіп, алғыр болыңдар, болашақ сендердің қолдарыңда,-деп көмекке келген жастарға ризалық көңілмен батасын берді Әскербек қария. Аймақ теміржолында жалынды жастығын өткізіп бүгінде бейнеттің зейнетіне бөленген ардагерлер қашанда жастардың жұмысына сын көзбен қарап ағат кеткен жерінде қамқорлық танытып, тура жол көрсетуден танған емес.Мұны жақсы ұғынған жастар да қарияларға көмек қолын созуға әрдайым әзір тұрады. –Бүгін Әскербек ата мен Қыпшагүл әжейдің үйіне  ауысымнан шыққан жастардың бір бөлігі ғана келді, келесі жолы басқа  зейнеткерге барамыз.   Қариялардың ақыл-кеңесін тыңдап, батасын алғанның өзі бізге неге тұрады?!  Осындай жұмыстар Қызылордада ғана емес бөлімше бойынша барлық станция-бекеттерде жасалып жатыр, - деді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ернар Зинуллаев.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды