Әзіл мен қалжың жарасып... 

Жаңалықтар
20.10.2017, 11:05
Теміржол өз алдына үлкен сала. Мемлекет ішіндегі мемлекет. Сондықтан, 160 мыңнан астам қызметкері бар бұл салада өз қызықтары мен шыжықтары жетерлік. Батыс өңірдің жас теміржолшылары бас қосқан Көңілділер мен тапқырлар клубының кезекті ойынында жолсерік, вагон қараушы, вокзал диспетчері, т.б. жұмысынан қызықты жайттар сахналанды. Маңғыстау, Атырау, Орал, Илецк және Ақтөбе ойыншылары үш бөлім бойынша бақтарын сынады. Өздерін таныстырды. Дайындап әкелген нөмірлерін ұсынды. Сұрақтарға жауап іздеді. Шамамен екі сағатқа созылған сайыста олар би биледі, ән салды, қызықты көріністер жасап, әзіл мен қалжыңнан езу жиғызған жоқ.  Күлкіге қарық болған теміржолшылар әр әзілден өзін таныды деуге болады. Көңілділер мен тапқырлар ойындарындағы бірнеше эпизодқа тоқталып өтсек, түнгі клубтағы ди-джейдің вагон қараушы болып, доңғалақтарды ұрып жүргені өте сәтті шыққан көрініс болды. Балға тиген әр доңғалақтың сыңғырын ди-джей өзінше түсініп әлек. Жолсерік арқылы хат-хабар беріп жіберу арамызда бар. Күтіп алуға шыққан жас жігіттің адасып, қай вагоннан не алу керегін білмей дал болғаны, ал жолсеріктердің қай посылканы кімге берерін білмей сасқаны да көрерменнің езуіне күлкі үйіріп, бас шайқатты.  «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген, жолсеріктер осыдан сабақ алса кәне... Спорттық додаларға бәстесіп, тепловозды тігіп жіберген депо басшысы,  қарамағындағыларды қалай қысқаны, жұмыс басын тексеруге келген комиссияның әрекеті де қызықты болды. Ойыншылар теміржол бойында еңбек ететіндердің, рельс төсеп,  тепловоз жүргізетіндердің ң дені ер-азаматтар екенін еске салды. Сонымен қатар,  «команда беруді» жақсы көретін әйелдер образы да көрініс тауып, күлкіге қарық қылды.  Романтик машинист сүйіктісін тепловозбен қыдыртпақ болғаны, жолсерік құдаларды бірінші купеге, нағашылары мен жиендерін келесі орындарға жайғастырғаны,  машинистің жүйкесіне тиген  екі бағдаршамның қызылды-жасылды болып, кезектесіп жанғаны да теміржолшы жастардың  фантазиясы осал еместігін көрсетті. Айта берсең, езу тартқызар астарлы әзілдер көп... Атыраулықтар Экспо көрмесінің арқасында Тұлпар-Тальго мініпті. Өсекқұмар диспетчер вокзал рациясы арқылы құрбыларының бірінің аяғы ауыр екенін хабарлап қояды, т.т. Ойыншылар қазылар алқасын «сатып алмақ» та болды. Маңғыстау ойыншылары оларға иісін бұрқыратып ет асып әкеліп берді. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Мағауия Амантайұлын «бопсалағандар» да болды.  Жас кезінде ойыншылардың бірінің әкесімен дос болған НОД мырзаға қатысты компромат видео да «бар болып шықты». Бір ұпай немесе видео жарияланып кетуі мүмкін деп ескертті әзілкештер. Илецк әзілкештері өздерін қонақ санап, қазақ халқының қонақжайлылығын еске салып, бір ұпай артық беруді талап етті...  Қысқасы, екі сағатқа созылған әзіл әлемі баршаны риза етті. Ойыншыларға қошемет көрсеткен көпшілік ду қол соғып сүйікті топтарын қолдап отырды. мұнымен тоқтамақ емес. Қазылар алқасы батыс аймақ бойынша үнемі екінші орында келе жатқан ақтөбелік әзілкештерді бұл жолы үздік деп танып, Астанада өтетін ақтық сынға жолдама берді.  Ендігі қызық Елордада жалғаспақ.  

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл