Колледж бен жұмыс берушілер бас қосты

Жаңалықтар
27.02.2026, 08:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордадағы М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжінде «Кәсіпорын мен колледждің өзара іс-қимылының жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға теміржол және көлік саласының жетекші кәсіпорындарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, сала ардагерлері мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сарапшылары қатысты.  

Кездесу Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы аясында ұйымдастырылып, кадрларды практикалық-бағдарлы даярлау мәселелерін талқылайтын маңызды диалог алаңына айналды. Жиынға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов бастаған бір топ теміржолшылар, «Қамқор Локомотив» ЖШС, DAR RAIL, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ҚазАвтоЖол, TALAP және Alstom компанияларының басшылары мен өкілдері келіп, ауқымды күрделі жөндеуден өткен, жаңартылған колледж ішін аралап, білім беру процесімен танысты.  

– Ертеңгі теміржолшылар мен басқа да кәсіптік маман иелерін дайындай отырып, колледж бен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, білім беру үдерісін еңбек нарығы талаптарына сәйкестендіру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тиімді тетіктерді айқындау жолында жұмыс жүргіземіз. Сол себепті оқу орнында мамандарды даярлаудың заманауи моделі қарастырылады. Бұл модель бойынша оқу үдерісі нақты өндірістік жағдайларға барынша жақындатылған: дуалды оқыту жүйесін енгізу, яғни 3 күн теория – колледжде, 2 күн практика кәсіпорында өтеді, сабақтарды нақты өндірістік ортада өткізу, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге кәсіпорындардың қатысуы, тәжірибелі мамандарды тәлімгер ретінде бекіту, өндірістік практиканы тікелей жұмыс орындарында ұйымдастыруға басымдық беріледі. Осы ретте бізге тәжірибе алаңы және түлектерімізге жұмыс беруші ретінде қолдау көрсетіп келе жатқан ҚТЖ компаниясына алғыс білдіреміз, – деді колледж директоры Әлішер Жұмаділдин.  

Іс-шара аясында «Еңбекті қорғау» кабинеті салтанатты түрде ашылып, ол көрнекті теміржолшы Қазезхан Жұматаев есімімен аталатын болды.  

– Болашақ теміржолшыларды даярлайтын бұл оқу орнымен тығыз қарым-қатынас орнатып, оқу бағдарламасына, тәжірибелік жұмыстарға қолдау білдіру мақсатында бірлескен іс-шараларымызды тереңдете түсуге ниеттіміз. Оқу орнында студенттерге қолайлы жағдай жасалып, оларды білімге ынталандыратын ахуал қалыптасқаны жөн, – деді Асан Үмбетов.  

Оқу корпусының 3-4 қабаттарында «Теміржол көлігін пайдалану және техникалық қызмет көрсету» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен және студенттердің практикалық даярлығымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды