«Үздік еңбек әулеті» аталуға лайық

Жаңалықтар
24.10.2017, 10:42
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен еңбек әулеттері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» байқауына теміржолшылар әулеттері де қатысып жүлдегер атануда. Биылғы байқауға қатысып жатқандардың қатарында жиырмадан астам мүшесі Ақтөбе темір жолына қарасты мекемелерде еңбек ететін  Жұбанышевтар әулеті бар. Бүгінде республикалық байқауға онлайн дауыс беру жүріп жатыр. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Еңбек жолы» байқауының республикалық комиссиясы үш номинация бойынша «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» лауреаттарын анықтайтын болады. Аталған байқау жеңімпаздары 2017 жылдың 27 қазан күні Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумында марапатталады деп күтілуде.Бүгінде жергілікті билік әрбір дауыстың маңыздылығын ескере отырып, «Еңбек жолы» байқауына қатысатын ақтөбеліктерге белсенді онлайн дауыс беруге шақыруда.  «Үздік еңбек әулеті» номинациясына  үміткер болып отырған  Жұбанышевтар отбасы мүшелерінің темір жолда еңбек ететін ата-бала-немере, туған-туыстардың жалпы саны – 21. Әулеттің саладағы жалпы еңбек өтілі 420 жылдан асады. Әулет басшысы Керей Жұбанышұлы 35 жыл теміржолдың жүк тасымалы саласында еңбек еткен, ҰОС ардагері қатарында,  "Қызыл жұлдыз" ордені мен "Ерлігі үшін" медалімен тағы да басқа наградалармен марапатталған елі-жұртына қадірі артқан жан болды. Әке жолын жалғастырған жеті бала қазіргі таңда теміржолдың сан саласында жемісті еңбек етуде.  Балалары мен немерелерінің бір шоғыры  Қандыағаш сигнал беру және байланыс дистанциясында жұмыс жасап жатыр. «Үздік еңбек әулеті» аталуға лайық  бір әулет болса ол – Жұбанышевтер әулеті дейді жерлестері бірауыздан.

Бекбол Құлдан, Ақтөбе

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл