Дирекциядағы думан

Жаңалықтар
27.03.2026, 08:51
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлыстың ұлы күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Біріктірілген жоспарлау дирекциясы» филиалы да кең дастархан жайып, Наурыз мейрамын атап өтті. Кең фойеге кілем төсеп, құрақ көрпе жайып, киіз үй атрибутын құрған филиал қызметкерлері тоғызқұмалақ, асық ойнап, күй тартып, ән салып, дүбірлі думан жасады.

Дирекцияның мерекелік думанына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакенов бастаған компания басшылары келіп қатысты. Дирекцияның өткен жылғы жұмысына жоғары баға берген Марат Арапбекұлы теміржолдың стратегиялық жоспарлау қызметінде маңызы зор ұжымның алдағы еңбегіне сәттілік тіледі. Мекеменің HR бас менеджері Руслан Баспақтың айтуынша, қазіргі таңда дирекцияда 100 қызметкер жұмыс істейді.  

– Екі жыл бұрын құрылған біздің дирекцияның міндетіне қозғалыс кестесін, тасымалды жоспарлау, маркетинг қызметі кіреді. Яғни Қазақстан бойынша бүкіл пойыздардың қай уақытта қалай жүретінін біздің дирекция жоспарлайды. Дирекция 5 департаменттен тұрады: тиеу және түсіруді ұйымдастыру департаменті, жүк тасымалын маркетингілеу департаменті, қозғалыс кестесі және пойыздар құрастыруды жоспарлау департаменті, көрсеткіштерді өңдеу және мониторингілеу департаменті және эксплуатациялық жұмысты индикативті жоспарлау департаменттері бар. Ұжым өте білікті мамандардан, яғни теміржол саласындағы жоспарлаушылар, маркетологтар, кесте жасаушылардан құралған. Жұмыстан тыс кезде, Наурыз сияқты мерекелік іс-шараларда өнерлі де белсенді ұжымбыз, – дейді ол.  

Биылғы Наурызда аталған дирекция ҚТЖ бойынша «Берекелі шаңырақ» номинациясын жеңіп алды.  

 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды