Өнімнің жаңа түрлерін игермек

Жаңалықтар
24.10.2017, 12:49
Оқуға 2 мин
Алдағы уақытта Ақтөбе рельсіне  сұраныс артатын сыңайлы.  Ақтөбе рельсарқалық зауыты таратқан мәліметтерге сүйенсек, ДТ350СС санатындағы дифференциалды термоберік рельстер жылдамдығы сағатына 250 шақырыммен жүруге болатын жолдар салуға арналған.  Отандық зауыттан шыққан бұл рельстер  Қазақстанның қолданыстағы жылдамдықты магистральдарында ғана қолданылып қоймай, бүкіл ТМД аймағында да қолданыла алады және жоғары әлеуетке ие. Бүгінгі таңда ҚР СТ 2432-2013 «Дифференциалды беріктелген және термоберіктелмеген темір жол рельстері» және МемСТ Р 51685-2013 «Теміржол рельстері. Жалпы техникалық шарттар» стандарттарына сәйкес игерілген және сертификатталған ДТ350 санатты Р65 типті рельстеріне қоса, «АРБЗ» ЖШС өнімдер портфелі көптеген теміржол әкімшіліктері талап ететін жаңа жоғары сапалы ДТ350СС санатты Р65 рельстер типімен толықты. Ол тиісінше сапа стандарттарына, сонымен қатар КО ТР 003-2011 «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» регламенттің талаптарына сәйкес келеді. Сәйкестік сертификаттарын алу үшін компания сапаны растаудың бірнеше сатысын өткерді: механикалық қасиеттерге, микро және макроқұрылымға зертханалық сынаулар жүргізу, стендтік сынаулар, рельстердің пайдалану сенімділігін тексеру. Осы сынаулардың барлығы нәтижелі өтіп, Ақтөбе рельс-арқалық зауытында шығарылған рельстер сапасы, сенімділігі және қауіпсіздігі жағынан стандарттар талаптарын толықтай қамтитынын растады. Көптеген сарапшылар «АРБЗ» ЖШС-де шығарылатын өнім бүгінгі таңда әлемдегі ең үздік өнім екенін растайды, алайда кәсіпорын осы жетістігіне тоқтап қалмай, шығаратын өнімнің сапасын одан әрі күшейтуді, сұрыпталымды кеңейтуді және жыл аяғына дейін өнімнің жаңа түрлері өндірісін игеруді көздеп отыр.

Бекбол Құлдан, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды