Келешегі кемел ҚҰРЫҚ
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына іссапармен барып, Құрық портындағы паром кешенінің құрылысымен танысты.
Премьер-министрге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан паром кешені құрылысының барысы туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев мәлімдеді. Жобаны жүзеге асыру арқылы тәулігіне 8 кемеге қызмет көрсетіп, темір жол вагондарымен және автотрейлер арқылы жылына 7 миллион тонна көлемде жоспарланған жүк ағымын өңдеуді қамтамасыз ететін паром кешені құрылатыны айтылды.
«Былтыр желтоқсан айында алғашқы іске қосу аясында қуаты 4 млн тонналық паром кешенінің теміржолмен құрамдас бөлігі пайдаланысқа берілген. Биыл Құрық порты арқылы 1 млн тоннадан астам жүк ауыстырып тиелді. Бүгінгі таңда Құрық порты паром кешені құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Батыс және шығыс, флот портының жағалауы, автомобиль пирсы, автомобиль көлігіне қызмет көрсететін нысандар, соның ішінде жүктерді кедендік ресімдеу аймағы бойынша жұмыстар және түпті тереңдету жұмыстарын аяқтау көзделуде», – деп мәлімдеді компания басшысы.
Құрық порты арқылы кедендік жүктердің өту сұлбасы туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А. Теңгебаев айтып берді.
Үкімет басшысына сонымен бірге Құрық портының 2030 жылға дейінгі даму концепциясы, Құрық порты мен Құрық селосы аралығындағы авто жолдарды қайта құру жұмыстарының барысы және де кедендік ресімдеу аймағы ғимаратына, «Маңғыстау» рекреакциялық – инфрақұрылымдық кешенге қатысты интерьерлік шешімдер жөнінде де баяндалды.
Жоба шеңберінде кедендік және шекара қызметімен бірлесе автомобильді өткізу қосыны жобаланды. Аталған нысан көлік құралдарын сәйкестендіру, радиациалық және инспекциялы-тексермелеу бақылауын жүргізу, экспорттық және импорттық ағымдарды бөле отырып салмақты габаритты өлшеуді қамтамасыз етпек.
Жалпы алғанда, кедендік ресімдеу аймағында кедендік және басқа да рәсімдерді жасау бойынша қызметтерді ұсыну «бір терезе» қағидатымен жүзеге асырылмақ. Паром кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру аясында Құрық портында Құрық селосы – Құрық порты аралығында автомобиль жолдарын қайту құру қарастырылып отыр. Жоспарланған құрылыс жұмыстарының кешені жолдың және жол имараттарының көліктік-пайдалану жағдайын жақсартып, олардың төзімділігін арттырады. Қолданыстағы автожол 5-ші санаттан 3-ге ауыстырылатын болады.
Құрық порты Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ол Қазақстанның Еуразия аймағында көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптасуына айтарлықтай үлес қосады.
Бүгінде экспорттық жүктер, атап айтқанда қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химиялық заттар, сонымен бірге Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келетін транзиттік жүктер Құрық порты арқылы Әзербайжан мен Грузияға, одан әрі Еуропаға бағыт алады.
Әсел ТӨЛЕГЕНОВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды