Күзгі емтихан – қысқа дайындық
Күзгі комиссиялық тексеру кезінде «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалына қарасты 38 станция, Арыс және Түркістандағы локомотив деполары, Арыс вагон жөндеу депосының қысқа дайындығы тексерілді.
Жылдағыдай қайталанатын кемшілік биыл да табылған. Мәселен, Шымкент, Сарыағаш, Түлкібас, Манкент бекеттерінде басшылық кейбір станция жұмысшыларына өз міндеттерін толық таныстырмағаны анықталыпты. Арыс станциясында құжаттарды толтыруда кеткен кемшіліктер көзге көрінген. Сондай-ақ, Арыс, Шымкент станцияларында құрамдардың бекітілуі кейде нұсқаулыққа сай жүргізілмеген. Арыстағы дөңесте вагондарды сұраптау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау ережесі аракідік ескерілмей қалатыны да байқалыпты. Яғни, комиссия мүшелері тексеру кезінде газ сығымдалған вагон-цистерналарды сұрыптау ережесі орындалмағанын айтады. Текесу бекетіндегі кірме жолдарда вагондарды алып шығарда қауіпсіздікті сақтау талаптары сақталмаған. Сондай-ақ, осы бекетте вагондар жылдамдығын реттейтін №№ 37, 38, 39 тежегіш құралдарының реттік нөмірлері белгіленбеген. Кейбір бекеттерде вагондар жылдамдығын реттейтін посттағы дауыс зорайтқыш құрал істен шыққан. Оған қоса вагон жылдамдығын реттеушілер вагондарды сұрыптап, жөнелтетін жерде вагонға бақылау жасап, башмакпен жылдамдығын бекіту кейде өз деңгейінде жүргізілмейді екен.
Қызылсай, Дарбаза, Черноводск бекеттерінде локомотивтерді жіберу тәртібі талапқа сай жүргізілмеген. Меңлібай бекетінде де №№ 5, 6, 7, 8 башмактарда тиісті үш жолақтың орнына екеуі сызылған. Сонымен қатар, бірқатар теміржолшылардың кейбір нұсқаулыққа сай жұмыс уақытында кемшілік жібергені байқалып, оларға ескерту берілген.
Бөлімшедегі қауіпсіздік қызметінің бастығы Асанбек Құсайбаевтың айтуынша, әсіресе жол шаруашылығында жаңа материалдар жоқтың қасы. Жаңа шпалдар, бағыттағыш бұрмалар жетіспейді. Соның есебінен кемшілік көп шығады. Ал, шынында оған жолшылардың кінәсі жоқ.
Бөлімше бастығы бастаған тексеру кезіне кейбір станция басшылардың кезектен тыс жоспарланбаған техникалық сабаққа қатыспайтыны, көбіне нұсқаулықтармен жұмысшыларды уақытылы таныстырмағаны байқалған. Телеграммамен келген хабарламалар да жұмысшыларға дер кезінде жетуі тиіс. Бірқатар бекеттердегі техникалық құжаттардың толтырылуын тексергенде станцияның технологиялық картасына сай болмапты. Нұсқаулыққа сай, станция бастығы айына екі рет қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап, тексеріп тұруы қажет. Яғни, теміржолшылардың өз міндеттерін қаншалықты жауапкершілікпен орындайтынына айрықша назар аударуы тиіс. Шағын бекеттерде жүктерді қабылданып-жөнелтерде ережесінің сақталуы, маневр жұмыстары кезінде вагондардың талапқа сай бекітілуі және құрамның соңына тежегіш башмақтардың дұрыс қойылуы қадағаланбаған. Техникалық құжаттардың дұрыс орындалуы мен техникалық сабақтарды сапалы жүргізілуіне мән берілмеген. Үлкен станцияларда тракционды жолдардың мерзімінде тексерілмегені, бағыттағыш бұрмалар талапқа сай жұмыс істемей тұрғаны айтылды. Кейбір бекеттерде техникалық сабақтар теміржолдағы өзге мекеме қызметкерлерінің қатысуынсыз өтіп жүрген. Ортақ тақырып қауіпсіздік болғандықтан, негізі техникалық сабаққа теміржолшылармен қатар әскерилендірілген күзет бөлімі сынды өзге де мекеме мамандары қатысуы тиіс. Шеңгелді, Отырабат, Күншағыр бекеттері телеграфтық тапсырмаларды орындауда сапаға мән бермейтіні байқалыпты. Қазығұрт, Түлкібас бекеттерінде қауіпті жүк артқан вагондар екінші рет техникалық тексеруден өткізілмеген. Кейбір станциялардағы вагондар жылдамдығын реттейтін қосындарда қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бұрышына арналған ережелер жазылған тақталар ілінбеген.
Арыс пен Түркістандағы локомотив бригадалары демалатын үйге, Қызылсай, Текесу, Қазығұрт бекеттеріне күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі сезілген соң, келесі жылдың жоспарына енгізіліп отыр. Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының қамқорлығындағы Монтайтас бекетінің ғимаратында жылу жүйесін жасау мен Қарақоңыр, Ақшоқат, Шанақ бекеттерінде ескі терезелерді жаңалау тапсырылған.
Вагон шаруашылығы саласын тексергенде техникалық қызмет көрсету орындарында қосалқы бөлшектердің тапшылығы байқалған. Әсіресе, жолаушылар вагондарына қажетті кешенді қосалқы бөлшектер толыққанды қарастырылмаған. Қытайдан шығатын вагондарда да осы мәселе бар.
Шеңгелді және Қалаш бекеттерінде КТСМ құрылғысы қойылмаса, басқа бақылау посттарында аталған құрылғының арақашықтығы талапқа сай болмай шыққан. Мәселен, Шағыр мен Шеңгелді арасы 42 км болса, Дарбаза мен Шеңгелді арасы 37 км, сосын Арыстан Бадамға дейін тағы 42 км арақашықтықта аталған құрылғы қойылған. Өйткені, құрылғы қойылған пунттердегі арақашықтық 25-30 км арасында болуы тиіс. Ал мұндағы 42 және 37 км, яғни талапқа сай еместігі айтылды. Түлкібас бекетіндегі техникалық тексеру пунктінде талап бойынша 7 маман жұмыста болуы тиіс болса, іс жүзінде бесеуі ғана ауысымға түскен.
Жалпы, кемшілік жіберген тиісті сала мамандарына ескерту немесе сөгіс жарияланып, кемшілікті түзетуге уақыт берілген.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды