Бірі – бәрі үшін, бәрі – бірі үшін...

Жаңалықтар
27.10.2017, 09:54
Оқуға 3 мин
Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Қызылорда станциясында  жүзге жуық теміржолшы еңбек етеді. Теміржол көлігін пайдаланушылардың саны мен сапасын арттыру мақсатында кәсіби міндеттерін мүлтіксіз атқарып отырған станциялықтар қол жеткізген жетістік жаман емес.   Сыр бойылық теміржолшылар жылдың алғашқы үш тоқсанында 1412 вагонға жүк тиеу жоспарын 1828 вагонға жеткізіп, межені 129,46 пайызға орындап, осы мерзімде 79039 тонна жүк тиелуі тиіс болса, оның орнына 108 560 тонна жүк жөнелтіп, жоспарды 137,5 пайызға орындап отыр. Жүк түсіру жұмыстарында да жоспарды артығымен, орындай білген станциялықтар тоғыз ай ішінде 8995 вагонның орнына 9104 вагоннан 457 489 тонна жүк түсіріп, межені 101, 21 пайызға орындаған. Жүк тиеп-түсіруден бөлек вагондардың құжаттарын рәсімдеу, құрастыру, кірме жолдарға вагондарды беріп, кері шығару, жүктен арылған вагондарды тазалау, станцияда вагондарды тарқатып, қайта құрау жұмыстарында да станциялықтардың жұмысы сапалы әрі бірқалыпты өндірістік ырғақпен жүргізілуде. – Әрине өндірістік жұмыс барысында кедергілер кездеседі, дегенмен ондай кезде барлығымыз жұмылып, жұмыс ырғағының бұзылмауына күш саламыз. Ұстанымымыз – біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін. Сондықтан барлығымыз ұжым болып жұмыс жасауға дағдыландық, әрбіріміздің жоспарды орындауға деген ұмтылысымыздың нәтижесіне жақсы көрсеткіштерге  жетіп отырмыз деуге болады, – дейді әріптестері жайлы пікірін білдірген Қызылорда станциясы техникалық бөлімінің бас маманы Мөлдір Дәулеткелдиева. Станциядан жөнелтілетін жүктің басым бөлігі өңірде өндірілетін агрошаруашылық өнімдері, құрылыс заттары, мұнай өнімдері мен жергілікті тұрғындардың тұрмыстық қажеттілігіне керекті заттардан түзілуде. Жылдың үшінші тоқсанында станциялықтар атқарған жұмыстардың ішінде мына өнімдердің тиелуінде салмағы басым болып тұр. Мәселен, тоғыз айда 121 вагонға 6763 тонна металл сынықтары, 230 вагонға 15411 тонна құрылыс заттары, 99 вагонға 6724 тонна астық, 844 вагонға 56818 тонна ұн өнімдері тиелген екен. Сонымен қатар аймақтың басты өнімі саналатын мұнай-газ шикізаты құбырмен тасымалданатын болғанмен станциялықтардың қызметін пайдаланушылар әлі де жеткілікті болып 180 вагонға 10790 тонна мұнай тиелген. Өңірдің басты өнімдері тұз бен цементтің жөнелтілуі де тұрақты, 23 вагонға 1564 тонна цемент, 41 вагонға 2786 тонна тұз тиеліп тиісті нүктелерге жөнелтіліпті. Үш тоқсанның қорытындысында статистикалық жүктеменің 55,98 тн/вагон жоспарын 59,39 тн/вагонға жеткізіп межені 106,09 пайызға орындаған. Бір жүк айналымы операциясы кезіндегі вагонның бос тұру межесі 10,66 сағат деп белгіленсе, көрсеткіш 10,12 вагон/сағатқа орындалып жоспар 105,33 пайызға жеткен. Транзитті вагондардың құжаттарын рәсімдеу кезіндегі орташа бос тұруы 5,22 ваг/сағатқа межеленсе, оның орындалу көрсеткіші 4,37 ваг/сағатқа төмендетіліп, жоспар 119,45 пайыз болса, транзитті вагондардың құжаттарын рәсімдемей тұру ұзақтығы белгіленген 1,00 ваг/сағатық мөлшерлеме 0, 98 ваг/сағатқа айналып көрсеткіш 102,04 пайызға орындалған. Станцияның 164 вагонға белгіленген жұмыс паркі 70 вагонға жеткізіліп, жоспар 234,3 пайызға орындалып отыр.

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды