Ардақты азаматты еске алу

Жаңалықтар
06.04.2026, 12:32

Рахымжанов Өмірбай Құмсаұлы – өз ісіне адал, теміржол саласына бар ғұмырын арнаған білікті маман, абыройлы азамат еді. Оның өмірден өткеніне бір жыл толса да, жарқын бейнесі мен адамгершілік болмысы оны білетін жандардың жүрегінде сақталып келеді. 11 сәуірде марқұм Өмірбай Құмсаұлының рухына бағыштап құран оқылып, ас беріледі.  

Өмірбай Құмсаұлы 1952 жылғы 4 қарашада Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының Сәуле ауылында дүниеге келген. Жоғары білім алып, инженер-механик мамандығын игерген соң еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында бастады. Кейін өмірінің негізгі бөлігін теміржол саласына арнап, Көкшетау өңіріндегі теміржол кәсіпорындарында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

Ұзақ жылдар бойы теміржол саласында абыроймен еңбек етіп, басшылық қызметтерде де өзін білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Ол «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы Ақмола филиалының директоры қызметіне дейін көтеріліп, 2015 жылы құрметті демалысқа шықты. Теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі 39 жылдан асады.

Еңбектегі табыстары үшін бірнеше мәрте марапатталып, «Құрметті теміржолшы» белгісіне, «Адал еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарына және басқа да марапаттарға ие болды.

Өмірбай Құмсаұлы қызметте талапшыл, принципшіл, тәртіпті басшы болса, өмірде мейірімді, парасатты, отбасысына қамқор жан еді. Жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп өсіріп, немерелерін ерекше жақсы көрді. Достықты қадірлей білетін, айналасына сыйлы азамат болды.

Оның адал еңбегі, адамгершілігі мен жарқын бейнесі әрдайым жақындарының, әріптестерінің жүрегінде сақталады.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес