Баспасөзге қызмет – елге қызмет

Жаңалықтар
27.10.2017, 09:58
Оқуға 2 мин
Арыс қаласында баспа өнімдерін жаздыртып, оқырмандарға таратумен айналысатын мекемелердің ішінде  «Ердәулет-Тайма-Баспасөз» ЖШС-нің  өзіндік орны бар. Биыл құрылғанына 10 жыл  толып отырған серіктестіктің мерейтойы жаңадан бой көтерген, заманауи үлгідегі  ғимаратқа  кіруімен қатар келіп, серіктес мекеменің қуанышына біздің тілшіміз де ортақтасып қайтқан еді. Облыс орталығы мен аудандардан келген оңтүстікке белгілі баспасөз саласының майталмандары мен кәсіпкерлер мекеменің жетістігін атап өтті. Алғашқы кезде небәрі бес адамды еңбекке тартса, бүгінде мұнда жиырмадан аса азамат еңбек етеді. Он жылдың ішінде елеулі еңбек етіп, бүгінде қанатын кеңге жайған мекеме   Шымкент, Түркістан қалалары, Сарыағаш, Ордабасы, Түлкібас, Отырар аудандарын да мерзімді басылымдармен қамтамасыз етіп отыр.   Бүгінгі таңда серіктестік барлық деңгейлі газет-журнал редакцияларымен, "Қазпресс", "Евразияпресс" секілді алпауыт фирмалармен сенімді әріптес ретінде тығыз байланыс орнатып, мерзімді басылымдарды арыстықтардың әрбір шаңырағының рухани байлығына айналдыруда.    Серіктестік биылғы жылдан бастап баспа өнімдерін шығарумен қатар мемлекеттік рәміз, мөр және мөртабан жасаумен айналысып, арыстықтардың баспа өнімдеріне деген сұрасыныстарын өтеуде.  Бұрын арыстық мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері баспа өнімдері үшін облыс орталығына сабылса, қазір бұл жұмыстың барлығы да жергілікті жерде іске асырылуда.    Сонымен қатар, осынау қуанышты күні серіктестіктің қызметкерлері мен баспасөз ардагерлері, мерзімді басылымдардың көптеп таралуына осы серіктестік арқылы атсалысып жүрген үздіктердің еңбектері жоғары бағаланып, олардың бәрі де сый-сияпат пен құрметке бөленді. Серіктестік қызметкерлерімен қатар баспасөз жанашырлары  "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан", "Айқын", "Жас алаш", "Қазақстан теміржолшысы ", "Рейтинг" сынды танымал басылымдардың Алғыс хаттарымен марапатталды.      Шара соңында қонақтар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып,  «Баспасөзге қызмет ету  – елге қызмет ету» деп ақжарма тілектерін білдірді. 

Жарылқасын ЖҰМАБАЙ,  Арыс қаласы

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды