Келеңсіз оқиға азаяр емес...
Теміржолға жақын орналасқан Шымкент қаласындағы №6 мектептің оқушылары мен осы ауданның тұрғындары жер асты өткелі болса да, теміржолды кесіп өтуді әдетке айналдырған.
Осы білім ошағында Шымкент магистральді желі бөлімшесінің бас инженері Мұрат Бидалиев, ОҚО көлік бақылау инспекциясы, темір жол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Сапарбек Тұрдалин, Шымкент көлік прокуротурасының прокуроры Махан Жәнібеков, Шымкент станциясындағы ЖІІБ полиция капитаны Аида Мақашевалар қатысқан жиында жергілікті халықты осы жаман әдеттен арылту мәселесі қозғалды. Аталған сала мамандары жыл басынан бері аймақтағы теміржол бойында 14 адамды пойыз басу фактісінің тіркелгенін, оның тоғызы дүниеден өткенін, төртеуі жас балалар болғанын ашына жеткізді.
– «Тұлпар-Тальго» пойыздары сағатына 120 шақырыммен жүреді. Машинист алдынан адам шыққаны үшін жедел тежегішті басқанымен оңайшылықпен тоқтай алмайды – бір, екіншіден оқыс тежеуден вагондағы ыстық шай тасып жүрген жолаушы күйіп, екінші полкадағылары құлап, жарақат алған жағдайлар тіркелген. Жоғарыдағы пойыз қаққан 14 адамның екеуі кішкентай бала. Біреуі тіпті 3 жаста екен. Кім кінәлі бұл жағдайға? Әрине, біз өзіміз, үлкендердің немқұрайдылығы. Үйлеріңіз пойыз жолға жақын орналасқан ба, алдымен қауісіздікті қатты сақтаңыз, балаларыңызға да үйретіңіз, дағдыландырыңыз, - деген Мұрат Бидалиев
адамдардың қауіпсіздігі үшін «Қызылсай – Шымкент», «Шымкент – Қорғасын» телімдері қоршалғанын, Химфарм шағын ауданында да қоршау жүргізілгенін, бірақ адамдар оны айналып жүрудің өзін артық көретініне қынжылыс білдірді.
– Темір жол бойында адам басу оқиғасының жылдан жылға көбеюі – мемлекетті алаңдатуда. Жақында Астанада ҚР Бас көлік прокуратурасы, мәжіліс депутаттары, ҚР Инвестиция дәне Даму министрінің қатысуымен өткен координациялық кеңесте теміржолдан өтетін адамдардың қайғылы жағдайы көбейіп жатқаны жайлы мәселе қозғалды. Алдағы уақытта мұндай фактілерді азайтудың амалдары қарастырылмақ. Дегенмен де, әр адам өзіне-өзі сақ болуы тиіс. Бұл Химфарм шағын ауданы бір кездері қаланың шеті болатын. Қазір қала да, халқы да өскендектен орталыққа жақындады. Теміржолды қоршап, үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, нәтиже аз. Сендердің араларыңнан келешекте талай ғалым, дәрігер, депутат, әкімдер шығады. Оған жету үшін өздеріңді сақтандырып жүріңдер, денсаулық керек. Осы уақытқа дейін тәртіп сақшылары оқушыларға мыңнан аса ескерту жасаған. Енді айыппұл салса, оның көлемі 6 мың болады. Ол ата-аналарыңа ауыр тиеді, - деді Сапарбек Тұрдалин балаларға қарата.
Шымкент станциясындағы ЖІІБ полиция капитаны Аида Дүйсенәліқызының айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жазатайым оқиға екі есеге өскен. Оны ішінде жасөспірімдерді пойыз қағып кету 4 рет, электр тоғына күюі 3 рет орын алыпты. Соңғы уақытта осы мектептің оқушылары кетіп бара жатқан жолаушы пойызына тас атып, әйнегін сындырған.
-Енді теміржолшыларға ғана ашылған қоршаудың шағын есігінен өткендерге 6800 теңге айыппұл салынады. Алдынан адам шыққанда пойыздың тежегішін басқаны үшін ата-анасына айыппұл салынады. Оқушылардың теміржолды кесіп өткеніне екі рет ескерту жасап, үшіншіде тағы көрсе профилактикалық тізімге алынады. Ол тізімге алынған деген сөз болашақтарыңа зиянын тигізеді,- деген полиция капитаны балаларға теміржолдан бей-берекет өту де әкімшілік-құқық бұзушылыққа жататынын, ол үшін ата-анамен бірге жауапты болатынын тағы қайталады.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды