Қауіпсіздікте «ұсақ-түйек» мәселе жоқ
Жаңалықтар
22.07.2016, 16:46
Оңтүстікте +40, +43 градус ыстық болып жатыр. Аптап ыстықтың әсерінен теміржолшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жіті мән берілуде.
Түркістан станциясында мамырдың 20-нан маусымның 20 аралығында өткен «Өндірістік жарақаттың алдын алу ережесі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау» айлығы оң нәтиже берді.
Мысалы, Арыс станциясында жұмысын атқарып жатқан пойыз құрастырушысы Н.Бектеміров өзін жайсыз сезініп, бірден денсаулығы төмендеген. Бірден жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң маман өз-өзіне келген. Ал ауруды елемей жүре беретіндер немесе басшылықтың немқұрайлылығы кесірінен орын алып жатқан қайғылы оқиғалар қаншама... Айлықтың мақсаты – өндірісте осындай жайттардың алдын алып, күннің ыстығында жұмыс істеу ережелерінің орындалуын қадағалау.
– Әркім өз денсаулығына жауапты болу керек. Еңбек қауіпсіздігінің сақталуы айлықтан тыс уақытта да жиі қайталанады. Бұл отыз күн бойы инженерлік-техникалық мамандар бірігіп, күннің асты мен желдің өтінде тер төгетін әріптестеріміздің тірлігін бақыладық. Ол үшін арнайы жоспар құрылып, комиссия мүшелері тағайындалды. Станцияның барлық жұмысшыларымен жоспарсыз нұсқаулықтар өткізілді. Жиында, кеңесте техникалық сабақта, жұмыс орындарында айлықтың мақсаты түсіндірілді. Еңбек өтіліне бір жыл ғана толған жас мамандар бірінші назарға ілініп, олармен қосымша сабақтар жүріп, ай бойына 120 маманның қатысуымен 3 рет жиын ұйымдастырылды, – дейді Түркістан станциясының еңбек қорғау инженері Ләззат Рысбаева.
Темір жолда қателік аяқ астынан орын алуы мүмкін. Сондықтан теміржолшылар әр кез сақ жүруі үшін қосындарда аншлактар ілініп, «Бұл қайталанбауға тиіс!» деген айдармен, өткен жылғы қайғылы оқиғалардың себебі жазылған парақшалар ілінген. Әр маман бір қарап өтсе де, өндірісте есіне ала жүреді.
Еңбек қорғау инженерінің айтуынша, айлықты бақылауға құрылған коммиссия мүшелері пойыз құрастырушылар мен вагон жылдамдығын реттеушілерінің жұмыс орындары мен қосындарын жан-жақты тексерген. Ауысымға түсерде мамандардың медициналық тексеруден өтуі, мәселен, диспансерлік тізімде тұратындар мен гипертония және жүрек қан-тамыр ауруымен сырқаттанғандардың денсаулығы қадағаланған. Бір ай бойында 11 рет комиссиялық тексеру жүргенде бірқатар кемшіліктердің беті ашылыпты. Жұмыс паркіндегі вагондардың қозғалатын тұсындағы 16,17,18 бағаналардағы жарықтың нашарлығы назарға алынып, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының басшылығына қалпына келтіру үшін хат жіберілген. Басшылар контейнерлі алаңда аға жүк қабылдап-жөнелтуші Ш. Әлібековтің жұмыс барысында белгі беру желеткасын кимей жүргенінің үстінен түскен. Бірнеше кеңселерде электр желілері ескіргендіктен, қысқа уақытта оларды жаңалауды басшылық қатаң бұйырыпты. Себебі, өрт осындайдан шығады. Сондай-ақ, шағын қосындарда қол жуғыштардың өзі талап үдесінен шықпаған.
Бұдан өзге жұмыс барысында бірнеше теміржолшының қызметтік куәліктерінсіз жүргені анықталған. Станцияның солтүстік алқымындағы МП-2 қосынында 2 прожектордың жанбауы, 500 Вт шамның күйіп кеткені көзге шалынған. Жылжымалы құрамның нөмірлерін сегізінші жолда белгілеп жүрген оператор Нұғмановтың 7-ші жолда тұрған вагоннан қарғып түскенін аңғарып қалып, оған сөгіс берген. Тексере келе МП-2 қосынында тежегіш башмақтардың біріне жөндеу жүргізу де тапсырылған. Оған қоса теміржолшыларға сақтық үшін жазылған «Сені үйіңде күтіп отыр!», «Вагонның арасынан өтпе!» деген сынды аншлактарды алыстан көзге шалынайтындай етіп, көрнекілеп, қайта сырлап қою тапсырылған. Өрт қауіпсіздігін сақтайтын жәшікті құммен толтыру, душ бөлмесіне жөндеу жүргізу, солтүстік алқымдағы жаяу жүргіншілер көпірінің нашарлығы мен техникалық кеңсенің үш жерінде сөніп қалған шамға дейін «қара тізімге» ілігіпті. Кейбір қосындарда дәліздердің жарықтандырылмағаны, ас ішетін бөлмедегі тазалықтың кемдігі, сығырайған шамға дейін жіті қаралыпты.
Ләззат Рысбаеваның айтуынша, жұмыста кездесетін қиындықтардың алдын алу үшін мамандар кез-келген өндірістік сауалға жауап беруі тиіс. Бұл ретте кейбіреулерінің жауаптары көңіл көншітпеген. Қарапайым қағиданың өзін жаттап жүру де қауіптің алдын алатын «құрал» екенін басшылар тағы да қайталап айтуға мәжбүр болған. Ауырып қалған жағдайда маманға алғашқы көмек көрсету үшін медициналық шағын қорапшаның ішіне қажетті дәрі-дәрмек пен дәке, йод, т.т. керек-жарақты толтырып қоюға дейін айтылыпты. Қысқасы, қауіпсіздік мәселесінде ұсақ-түйек деген жоқ екенін дәлелдеген түркістандық басшылар, осылай бір айда еңбек ұжымын ширатып алғанға ұқсайды. Айлық қорытындысында тәртіптік жауапкершілікке он маман тартылып, бірі қатаң сөгіс алса, үшеуі сөгіс, алтауына ескерту берілген.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Әлеумет
15.03.2026
ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығы республикалық референдумға белсенді қатысуда
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында ҚТЖ қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды