Күн тәртібінде көмір мен астық тасымалы

Жаңалықтар
31.10.2017, 17:02
Үстіміздегі жылдың 27 қазаны күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалық етуімен астық тасымалына қатысты кеңейтілген жиын өтіп, басқосуға «Азық-түлік корпорациясы» АҚ, Ақтау халықаралық теңіз порты және солтүстік терминалы, «Астықтранс» АҚ және басқа да астық нарығындағы ірі компаниялардың өкілдері, Қостанай, Ақмола жүк тасымалы бөлімшелерінің директорлары қатысты. Қанат Қалиұлы бұл басқосудың басты мақсаты астық және ұн тасымалындағы проблемаларды анықтап, оны шешу жолдарын бірлесе қарастыру екенін атап өтті. Осыған орай, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Түрі бойынша тиелім және түсірілім және жылжымалы құрам департаментінің директоры Дәулетбай Нығметов астық тасымалдаушы құрамға қатысты қалыптасып отырған бүгінгі жағдайдан хабардар етті. «Қазіргі таңда Қазақстанда 9 мыңнан астам астықтасымалдаушы құрам жұмыс істеуде. Соның ішінде «Астықтранс» АҚ-ның жалпы паркіне тиесілі 6305 вагон, Қазақстанның жеке меншік иелерінің 1933 вагоны бар, егер де өзге жекеше, сондай-ақ, инвентарлық парктің астық тасымалдаушы құрамдарын тартатын болсақ, 10 мың вагонға дейін жететін болады, олар барлығы жабылып 1 млн тонна астық тасымалын жүзеге асыра алады, онда да вагон айналымы сақталған жағдайда»  деді Дәулетбай Нығметов. Оның айтуынша, 27 қазандағы жағдай бойынша 1,2 млн тонна астық тасымалына өтінім түскен. Соның ішінде 836 мың тонна астық ел сыртына шығарылатын көлем. Ал қазанда тиелімін күтіп отырған көлем 800 мың тонна болса, соның 600 мың тонна экспортқа шығарылмақ екен. «Алдағы қараша, желтоқсанда біз айына 1 млн тонна астық тиеуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде экспорт  650 мың тонна» деп мәлімдеді баяндамашы. Бұдан кейін департамент басшысы астық тиелімін жүзеге асыру барысында бетпе-бет келіп отырған проблемалық мәселелерге тоқталды. «Қазіргі уақытта біз астық тиеп, жөнелту бойынша берілген жоспардан 30 пайызға қалып отырмыз. Бұл жерде мәселе, жүк жөнелтушілер мен трейдерлердің уақытылы жоспарлауды жүргізбеу және астық науқанын өткізуге дайын еместігінен туындап отыр. Мысалы, осы қазан айында 1,2 млн тонна астықты жөнелту үшін шамамен 12 мың зерновоз қажет. Алайда, соңғы екі жылда Қазақстанның астық тасымалына қатысты қатысты нарығында вагондардың профициті байқалды. 2015-2016 жылдарды алып қарайтын ай сайын қазақстандық тіркелімдегі 1000 астам астық тасымалдаушы құрам жұмыссыз тоқтап тұрды. Яғни, соңғы екі жылда қазақстандық астық құрамдарына сұраныс болмады, өйткені, жүк жөнелтушілер мен трейдерлер бұл кездерде өзге елдердің вагондардың пайдаланып келді.  Бұл не деген сөз, бүгінгі қалыптасып отырған жағдай, қазақстандық вагон қожайындарының дәл қазіргі экспортқа шығару кезеңінде  отандық экспорттаушыларды  қолдап, қорғауға оң ықпал ететіндей құрамдарды ұлғайтуға инвестициялық әлеуетінің жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Биыл астық тасымалдаушы құрамдарға қажеттіліктің күрт өскені туралы дабыл жүк жөнелтушілер мен трейдерлерден қыркүйек айының ортасында түсті. Ал біздің елмен шектесетін мемлекеттердегі астықтың мол өнімін есепке алсақ, онда қосымша парк тартуға біздің уақытымыз да, мүмкіндігіміз де шектеулі екенін айтуымыз керек. ТМД және Балтық жағалауы елдерінің аумағына астық тасымалдауға қатысты қолайсыз жағдаяттың қалыптасып отырғанына қарамастан, «ҚТЖ» ҰК»АҚ  еліміздің көлік компанияларымен бірлесе, 1,5 мың қосымша вагон паркін тартуды қарастырып жатыр, бұл өз кезегінде, қараша мен желтоқсанда бір миллион тонна астық тасымалын қамтамасыз ететін болады» дейді Дәулетбай Нығметов. Сонымен қатар ол астық тасымалдаушы құрамдардың жетіспеушілігіне әкеліп отырған тағы бір проблема ретінде, вагондар айналымы мерзімінің мейлінше ұлғайып кеткенін, әсіресе, бұл тенденция жүк тиелімі және жүк түсіру орындарында жиі байқалып отырғанын жеткізді. Мәселен, 26 қазанда астық тасымалдаушы вагондардың орташа айналымы елімізде 11,9 тәулікті құраған, ал жоспар бойынша тиісті норма 10,3 тәулік болуы тиіс  екен, сөйтіп, бұл көрсеткіш өткен айға қарағанда  1,6 тәулікке өскен. Жүк тиелімін күтіп, вагондардың тұрып қалу мерзімі орта есеппен алғанда 2 тәуліктен 5 тәулікке дейін өскен.  Көп жағдайда 15 тәулікке дейін барады екен. Жүк түсірілімінде де осындай жағдай қалыптасып отырғанын айтқан департамент директоры нақты сөзін нақты мысалдармен шегеледі. Сонымен қатар ол қазан айында мәлімделген 1,2 млн тонна астықтың 400 мың тоннасы ұзақ қайтарымсыз тасымал категориясына кіріп отырғанын жеткізді. Бұл Каспий, Қара теңіз порттары арқылы және Қытайға бағытталған тасымалдар екен. «Көптеген компаниялар аталған бағыттарға вагондар талап етуде. Олар астық құрамдарының жұмыс паркін мейлінше азайтатынын түсінбейді және бұл жағдайда аталған трейдерлер вагон айналымы мерзімін төмендетуге ешқандай ықпал ете алмай отыр» деген Дәулетбай Нығметов кейбір шекаралық өткелдерде, мәселен, Иран жағында астық тасымалдаушы вагондар кедендік процедуралардан өту кезінде 25 тәулікке дейін тұрып қалғанын жеткізді. Сондай-ақ, Галабаға баратын вагондардың қозғалыс жылдамдығы Өзбекстан аумағында Қазақстанмен салыстырғанда өте төмен екенін, бұл да өз кезегінде астық құрамдары айналымына кері әсер ететінін тілге тиек етті. Сонымен қатар астық тасымалдаушы құрамдардың Қара теңіз портында кемелерді және астықты әрмен қарай тиеп алып кетуді күтіп тұрып қалатыны да сөз болды. «Шекаралық өткелдерге қатысты мына бір жағдай сөзімізге дәлел. Қытайға бағытталған 47 астық тасымалдаушы құрам, Алтынкөл – Қорғас өткелінде, яғни Қорғас станциясында 26 тәуліктен 70 тәулікке дейін тұрып қалған оқиға болды. Тек 25 қазан күні ғана тиым салған конвейер астықты қабылдауға рұқсат берді. Бүгін таңертең 47 вагоннан 28-і қалғанын білдік. Осындай келеңсіз фактілер қазіргі науқан кезінде астық тасымалдаушы құрамдардың жетіспеушілігін  тудырып отыр» деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өкілі. Кеңейтілген жиында Қанат Алпысбаевтың назарға алған мәселесінің бірі Ақтау порты арқылы астық тасымалына қатысты проблемалар болды.  «Жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың өзара алдын-ала келісіп әрекет етпеуінің салдарынан вагондардың порт алдындағы терминалдарда тығындалып, экспорттық кемелерді күтіп қалуы жиі орын алуда. Қорытындысында, тасымалдауды ұйымдастыруға көп кедергі келіп, көлік қызметін тиімді ұйымдастыру қиындай түседі», – деді ҚТЖ басшысы. «Бұл мәселені тыңғылықты шешу үшін Ақтау портында 1 қарашаға дейін астықты терминалда қабылдауды дайындап үлгеру керек. Фрахта бекітіліп, вагон паркін тиімді пайдалануымыз керек», – дей келіп Қанат Алпысбаев тасымалдауға қатысушылардың барлығын өзара жауапкершілікке шақырды. Жиын соңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков бастаған топ осы аптадан бастап Қостанай, ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барып, астық нарығындағы жүк жөнелтушілермен кездесіп, жергілікті жерлерде туындап отырған мәселелерді шешу үшін кеңесіп, бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жолаушылар тасымалы
24.07.2024
Пойыздарға билетсіз мінгізгені үшін – жұмыстан шығару
Жаңалықтар
24.07.2024
Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті
Жаңалықтар
24.07.2024
Кірме жолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталды
Әлемде
23.07.2024
Германияда Еуро-2024 кезінде қалааралық пойыздармен 12 миллион жолаушы тасымалданды
Әлемде
23.07.2024
Еуропалық Одақ көлік жобаларына 7 миллиард еуро бөлмек
Жүк тасымалы
23.07.2024
ҚТЖ астық тасымалына дайындығын пысықтауда
Қауіпсіздік
23.07.2024
Атырауда техникалық-әдістемелік сабақ өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
23.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №60 23 шілде 2024 жыл
Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ