Өнімнің үштен бірін экспорттайды
Ақтөбе рельсарқалық зауыты 2016 жылы өндіретін рельс өнімдерінің үштен біріне жуығын экспорттауды жоспарлауда. Зауыт жыл басынан бері 8 000 тонна рельс өнімдерін шығарды, оның ішінде 1,3 млрд теңге сомаға 6 500 тонна ішкі нарыққа жөнелтілді.
Бүгінгі таңда зауыт өнімдерін сатып алушылар қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистраль желісінің дирекциясы» филиалы, «Теміржол жөндеу» ЖШС, «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС, «Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС, «Теміржол Құрылыс Жоба» ЖШС, «Индастри ЛТД» ЖШС бар.
Жалпы, биыл Ақтөбе рельсарқалық зауыты шамамен 100 000 тонна рельс өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр, оның 70%-дан астамы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажетіне, 30% – көршілес елдерге экспортқа жеткізіледі. Айталық, Өзбекстанға 13 000 тонна, Тәжікстанға – 5 000 тонна, Белоруссияға – 5 000 тонна, Грузияға – 4 700 тонна, Қырғызстанға – 1 000 тонна рельс жеткізілмек.
Қазақстан Даму банкінен хабарлағандай, ірі сұрыпты бір қалыпта құйылған прокат шығару 2017 жылға жоспарланған. Жалпы, 2018 жылы толық жобалық қуатына шыққаннан кейін зауыт жылына 430 000 тонна прокат шығарады, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған термонығайтылған ұзын өлшемді (120 м) рельстер, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған бір қалыпта құйылған өнімдер болмақ.
Рельсарқалық зауыты құрылысы жобасының жалпы құны Мемлекеттік сараптамасының қорытындысына сәйкес 82,707 млрд теңгені құрады, қажетті қаржыландырудың 70%-ға дейін Қазақстан Даму банкі тарапынан ұсынылды, қарыз мерзімі – 20 жылға дейін. Зауыт құрылысы 2013 жылдың сәуірінде басталды. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
– Бірегей жоғары технологиялы кешенді басынан бастап салудың барлық кезеңдерін жүзеге асыру мемлекеттің қолдауы мен ҚДБ желісі бойынша ұзақ мерзімді қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Ағымдағы жылы өндіру жоспарланған өнімдердің барлық көлеміне келісімшарт жасалып қойылған. Жеткізілім географиясын кеңейту мақсатында біз Мәскеу темір жол көлігін ғылыми-зерттеу институтының полигоны базасында зауыт рельстеріне қосымша аттестаттау және сынау жүргіземіз. Жобаны ҚДБ тарапынан қаржыландыру талаптарын өзгерту кәсіпорындарға валюта тәуекелдерін нивелирлеуге, сондай-ақ қарыз жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті АРАЗ бас директоры Андрей Кузьмин.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды