Көрме – іскерлік алаңы

Жаңалықтар
03.11.2017, 10:18
Оқуға 3 мин
Сәрсенбінің сәтінде Астанадағы «Көрме» орталығында «Көлік және логистика» 21-ші қазақстандық халықаралық көрмесі ашылды. Көрме аясында сонымен бірге Еуразиялық трансконтинентальды бағдар бойынша көліктік-логистикалық жүйені дамытуға арналған «ТрансЕуразия-2017» халықаралық конференциясы өтті.    Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі болып есептелетін TransKazakhstan/Translogistica 2017 шарасы 3 күнге созылады. ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр өзінің құттықтау сөзінде көрмедегі жан-жақты іскерлік қарым-қатынас қазіргі экономикалық жағдайда көлік саласының проблемаларын шешудің практикалық жолдарын талқылауға мүмкіндік береді деп атап өтті. Ашылу салтанатына қатысушылар қатарында Қазақстан теміржолы атынан ұлттық компанияның логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев сөз сөйледі. –Көрме ұйымдастырыла бастаған жылдар ішінде бұл жерден Қазақстан мен өзге қатысушы елдердің көліктік-логистикалық саладағы жетістіктері көрініс тауып келеді. Сол аралықта отандық теміржол саласы қарқынды дамыды. Әсіресе, 2011 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыру туралы сөзі осы бағыттың дамуына тың серпін берді. Содан бастап инфрақұрылым өте жылдам дамыды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2500 км жаңа темір жол желісі салынды. Транзиттік темір жол тасымалының да бірнеше есе артқанын айта кету керек. Енді осы бір бірегей алаңды өзара жаңа іскерлік қатынастар орнатып, байланыстарымызды нығайту жолында барынша пайдалануға ұмтылайық, – деді С. Елубаев көрме қонақтарына қарата. Биылғы TransKazakhstan/Translogistica көрмесіне Әзербайжан, Беларус, Қытай, Литва, Латвия, Ресей, Украина және Финляндиядан 80-нен астам компания қатысуда. Соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ павильонында «KTZ Express», «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, «KTZE-Khorgos Gateway» және Ақтау порты логистикалық блоктарының қызметіне бағытталған еліміздің көліктік-логистикалық мүмкіндіктері паш етілген.    Айта кету керек, қазақстандық шара жыл сайын жергілікті және өңірлік компаниялардың ғана емес, ТМД мен алыс шетелдердегі қатысушылардың да қызығушылығые туғызуда. Соның арқасында шетелдік әріптестермен арадағы іскерлік қатынастарды дамытуға серпін беріліп, Еуропа аймағында экономикалық және сауда байланыстарын нығайту және жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр. Латвия республикасы Жол министрлігі бас хатшысының орынбасары Улдис Рейманис өз елінің Қазақстанның серіктесі ретінде осы көрмеге 1998 жылдан бері қатысып келе жатқанын жеткізді. –Сөзімді жақында ғана Ригада өткен үлкен жиында ҚР вице-премьері Асқар Маминнің айтқан мына бір лебізімен түйіндесем. Асқар Ұзақбайұлы Қазақстанның Латвияны басты темір жол дәлізі, өзінің жүк ағынына Балтық елдері бойынша дистрибуциялық орталық ретінде таңдағанын айтты.  Бұл біз үшін үлкен мәртебе, – деді ол. Литва республикасы көлік және байланыс вице-министрі Ричард Садигутес: «Қазақстан Еуразия құрлығының көліктік маңызды желілерінің орталығында орналаса отырып Литва үшін стратегиялық серіктес болып табылады», – деп атап өтті. Өзге де қонақтар осы маңызды шараны ұйымдастыруға мұрындық болып отырған ҚР инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясына алғыстарын білдірді.

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды