Логистикалық орталық  жұмысымен танысты

Жаңалықтар
03.11.2017, 11:21
Оқуға 3 мин
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іс-сапармен Шымкентке келді. Делегация құрамында «ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевпен қатар бірқатар өзге де министрлік басшылары болды.  Алдымен Асқар Ұзақбайұлы Шымкенттегі халықаралық әуежайды аралап,  осыдан кейін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен әуежайды реконстрккциялау мәселесі қаралған  жиын өтті. Әрі қарай  делегация мүшелері «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығындағы  «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС-не келіп, жаңа нысанды аралады.  Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ОҚО әкімдігі тарапынан 92 гектар жер бөлініп, 7 жобаның негізі қаланған.  Оның екеуі аяқталып, қазіргі таңда жұмыс жасауда. Үшінші 35 гектар жерге салынған  «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС желтоқсанда іске қосылады. Бүгінде осы кешенде құрғақ жүктерді сақтау қоймасы құрастырылып біткен. Климатты қойманың да тоңазытқыштары орналастырылған.  Әзірге сыртқы коммуникация желісі тартылып, аумағын көгалдандыру ісі мен әкімшілік ғимараттың ішкі бөлмелері әрленуде екен.  – «Көліктік-логистика аумағы» компаниясының жалпы инвестиция көлемі 15 млрд  800 млн теңгені құрап отыр. Осында кеден аймағы, әртүрлі қадағалаушы органдар келіп, «бір терезе» қағидасымен барлық сервистік қызмет түрін  көрсететін болады. Қазіргі таңда қоймалар жеке инвесторлардың есебінен салынуда. Бизнес жоспар бойынша бүгінде 1 теңге бюджеттік инвестицияға 15 теңге қайтарым болып отыр. Яғни, біздің инвестицияларымыз толық өтелуде. Жаңадан соғылып жатқан  кешендерге тауар айналымы жеткілікті болатындықтан, 3-4 жылда кеткен шығын толық өтеледі деген сенімдеміз. Логистикалық кешен аумағының өз кедендік аймағы болатындықтан, өзге өңірден келген затты бақылаудан өткізіп, тіке қалаға таратады береді. Біздің облыстан бөлек, Жамбыл облысы мен Алматы қаласындағы сауда-саттықта тауар айналымын жақсы жүзеге асырған компания басшылары біздің кешенге орналасуға ниет білдіруде,- деп ақпаррат берген «Көліктік-логистикалық аймағы» ЖШС  бас директоры Ерғали Бектаев,  мұның бір себебі, сауда орталығының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойында жатқанында екенін жеткізді.  «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС құрылымдық жүйесіне келсек, климатты қойманың аумағы 12 300, құрған қойма 12 400, әкімшілік нысанның аумағы 2700 шаршы метр. Контейнерлік алаңның аумағы 2,3 гектарға созылған. Құрғақ қоймада тұрмыстық техникамен қатар  ұзақ сақталатын химиялық заттар да  тұрады. Азық-түлік, бақша жемістері де сыяды. Кешеннің бір жағынан көліктер келіп-кетсе, екінші тарапынан теміржол тартылып, жүктер вагоннан да түсіріледі.  Қойманың ішіндегі тауарларды жылжыту, тасу ісі де  негізінен техниканың күшімен атқарылмақ.  Егер осы қоймадағы жұмыстар алға жылжып, кіріс молайып жатса келесі этаптағы екі қойманың да құрылысы қолға  алынуы мүмкін.   Компания басшысымен қатар  «ҚТЖ –Жүк тасымалы» Шымкент филиалының директоры Ермекбай Ерманов Асқар Маминге  аталғаш кешенге тартылған теміржол тармағы, оның қызметі жайлы айтып берді. Екі қойма мен контейнерлік алаңның аумағын көрген Үкімет басшысының орынбасары  бастаған  жұмысшы топ одан кейін «Агпо V» кірпіш зауыты мен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты  тұрғын үйлер және  Шымкент –Ташкент бағытындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылыс жұмыстарымен де танысты.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды