Отандық өнім: ішкі және сыртқы нарықта
Алыс-жақын шел елдер қызыға да қызғана да қарайтын Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өнімі ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, жоспарлағандай көрші елдерге де жіберіле бастады.
Рельс өнімдері Қазақстаннан өзге Өзбекстан мен Белоруссия темір жолдарына жөнелтілуде. Өзбектің Ахангара станциясына жыл басынан бері 330 тонна рельс жіберілген. Ал осы елдің Чукурсай станциясы да Ақтөбеден 2534 тонна, Беларусь темір жолының Муляровка станциясы 110 тонна рельс алдыртыпты.
Ал, ішкі нарыққа келетін болсақ, биылғы жылдың он айында отандық рельс өнімдері Қазақстанның 10-нан астам станциясына тиелген. Айталық, Екібастұз-II станциясына 10 айда 2531 тонна, Железорудная станциясына 1546 тонна, Құрық порт станциясына 993 тонна, Түркістан станциясына 42 тонна, Арыстансор станциясына 62 тонна, Дөң станциясына 130 тонна, Ақсу-1 станциясына 12 тонна, Павлодар – Южный станциясына 54 тонна, Дегелең станциясына 551 тонна рельс жөнелтілген. Бір ғана Защита станциясына қазан тек айында 6 платформамен 330 тонна рельс жөнелтілген, ал жыл басынан бері мыңнан астам тонна өнім жіберілген.
Айта кетейік, отандық рельс өнімдері Ақтөбе іргесіндегі Қызғалдақты разъезі арқылы жөнелтіледі. Қызғалдықтыда Ақтөбе рельсарқалық зауытының құрылысымен қатар қолға алынған күрделі қайта құру және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, қосымша жолдар салынып, ғимараттар салынып, станцияда штат саны да ұлғайтылған.
Бүгінде Қызғалдақты разъезінде 20 адам еңбек етеді. 8 пойыз құрастырушы, 1 тауар кассирі, сигнал берушілер және жүк қабылдап-тапсыраушылар бар. Тек қазан айында станция басынан 108 платформаға тиелген 6003 тонна рельс жолға шыққан. Ал, 10 айда 4,5 мыңға тарта вагон аттандырылған, бұл дегеніңіз 106 773 тонна.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды