Жылумен қамту – жүз пайыз
«Теміржолсу» АҚ темір жол станциялары мен бекеттерді жылумен қамту қызметіне кірісіп кетті, барлық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеуде.
Көмір, мазут, газ сатып алуға келісімшарттар жасалып, барлық қазандық шаруашылығына отын жеткізу кестеге сай жүзеге асырылуда, барлық жерде бір жарым айлық қор бар. Өндірістік персонал жұмысқа кірісер алды оқытылып, сүтпен, арнайы жұмыс киімі және аяқ киімімен 100 пайыз қамтамасыз етілген.
Осы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы дизель отынымен істейтін қазандық шаруашылығын «Теміржолсу» АҚ-ның сенімді басқаруына тапсырды. Бұл шаруашылық Алматы облысындағы Нұркент станциясы халқы мен бюджеттік ұйымдарын жылу энергиясымен қамтамасыз етіп, соның арқасында шамамен 90 млн теңге үнемделмек.
2017 жылы бірқатар станциялардағы қазандықтарда ұзақ жанатын 18 қазандық орнатылды: Атап айтсақ, Аягөз – 4 , Жарма – 2, Қойбағар – 2, Қостанай – 2, Алтынтау – 2 , Екібастұз Парк Г- 2, Жезқазған – 2 және Жаңаарқа – 2. Осыған байланысты отыннан 2 200 мың теңге, соның ішінде осы жылы төртінші тоқсанда 20 пайыз көлемде жоспарлы үнемдеуге қол жеткізіледі деп күтіп отырмыз, – дейді «Теміржолсу» АҚ бас инженерінің міндетін атқарушы Ғазиз Жайылғанов.
Оның айтуынша, Қызылорда облысы Шиелі станциясындағы екі қазандық қатты отыннан газға ауыстырылған. Сонымен бірге биыл соңғы тоқсанда отынды 624, 24 мың теңге немесе 53%-ға дейін жоспарлы үнемдеуге қол жеткізілмек. 2017-2018 жылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша, іс жүзіндегі отын үнемдеу қорытындысы шығарылатын болады. Осылайша «Теміржолсу» АҚ-да теміржол кәсіпорындарын, бюджеттік ұйымдарды және халықты қысқы уақытта жылу энергиясымен барынша экономикалық және технологиялық тиімділік тұрғысынан қамтамасыз етуге арналған шаралар қабылданды.
Бас инженердің айтуынша, бүгінгі таңда жылумен қамту – жүз пайызды құрайды.
Ұлан ОРАЗ
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды