Алып жобаларда қолтаңбасы бар

Жаңалықтар
22.07.2016, 18:34
Еңбек жолын кезінде Ақтөбе жол бөлімшесіне қарасты Шұбарқұдық байланыс және белгі беру дистанциясында қарапайым жұмысшы болып бастаған Айтбай Ізтұрғанов ел темір жолы тарихындағы айтулы жобаларға атсалысқанын мақтан тұтады.

Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын батыс өңірді арқамен жалғаған Хромтау – Алтынсарин темір жолының құрылысына араласса, одан бері де Қазақстанның оңтүстік пен батыс өңірлеріндегі алып жобаларда өз қолтаңбасын қалдырды. Соңғы жылдары Шалқар – Бейнеу темір жолы аралығында байланыс жабдықтарын орнатуды қолға алды. Күні кеше аталған жол аралығында алғашқы пойыздың қатынағаны есімізде. Жолдың сигнализация-байланыс жүйесі өткен айда ғана аяқталды. Әлі қабылдау жұмыстары бар. Байланыс жүйесінің бапкері Айтбай Ізтұрғановтың қолтаңбасы қалған ірі жоба сәтті аяқталды. Айтбай Ізтұрғанов теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Қарауылкелді ауылында 10 жылдық мектепті тәмамдап, қалаға теміржолшылар оқуына келгені әлі күнге көз алдында. Мамандық таңдап, құжаттарын өткізгені, алғашқы дәріс, бірінші лекция, бәрін қаз қалпында әңгімелеп беруге бар. Оқу бітіріп, жолдамамен туған ауылына келіп, жұмысқа орналасады. Шұбарқұдық ШЧ мекемесінде дәл сол кезде жаңа қондырғылар орнатылып жатыр екен. Жас маманның ептілігі сол, жаңа жүйені бірден игеріп кетеді. Осында алғаш еңбек тәжірибесі жинақталып, қарапайым электромонтердан элетромеханик, телім басшысына дейін өседі. Араға жылдар салып, отбасымен Ақтөбеге қоныс аударып, сондағы ШЧ-ға орналасады. Механик, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор қызметтерін атқарады. Ақтөбе жол бөлімшесінде де бірнеше жыл еңбек етеді. – Ел егемендігін алған соң темір жол тарихында тың өзгерістер бола бастады. Бұрын Қазақстанның орталық қалаларына Ресей арқылы қатынап келдік. Енді тікелей қатынайтын жол салынады деген бастама көтерілді. Ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибемді жаңадан салынып бастаған Хромтау – Алтынсарин темір жолы құрылысына пайдалану мүмкіндігінің туғанына ұлы құрылысқа тамшыдай болса да үлес қосатыныма қуандым. Сигнализация, байланыс, энергетикаға қатысты жұмыстарды алып жүрдік. Ол уақытта басшымыз атақты жол салушы құрылысшы Тыныштықбай Әуесбаев болды. Материалдарды Ресейден, Қазақстанның өзге аймақтарынан алдыртып отырдық. Үлкен жобадан өзге жол бойындағы кабельдерді ауыстырып, жаңа желілер тарттық. Сондай үлкен жобаларға қатысқанымызды ертең немере-шөберемізге мақтанышпен айтатын боламыз ғой, – дейді Айтбай аға. Кейінгі жылдары теміржолшы елді Түркіменстанмен жалғайтын жол құрылысының белгі беру-байланыс саласын жүйелеуге араласты. Қазірде Жезқазған – Бейнеу темір жолының Шалқар – Бейнеу аралығындағы электр желілерін тарту, сигнал жүйелерін жүргізу жұмыстарын жүргізуге атсалысуда.                                                                                                                                         Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
06.02.2026
ҚТЖ көктемгі су тасқынына дайындықты бастады
Жаңалықтар
06.02.2026
ҚТЖ қалпына келтіру пойыздарын заманауи техникамен толықтырды
Станция тынысы / Қауіпсіздік
06.02.2026
Қауіпсіздікті қадағалаудың қандыағаштық үлгісі
Жаңалықтар
06.02.2026
Корея жастары ҚТЖ-ға келді
Сұхбат
06.02.2026
Қанат Әлмағамбетов: «Өтініш-шағымдарды екі есе төмендетуге қол жеткіздік»
Қауіпсіздік
06.02.2026
Алматыда арнайы сабақ ұйымдастырылды
Жаңалықтар
06.02.2026
Мұқағали мұрасы – ұлт қазынасы
Аймақтар
06.02.2026
Атырау теміржол музейі жаңа есіммен толықты
Жаңалықтар
06.02.2026
2025 жылы Khorgos Gateway-дың транзиттік әлеуеті артты
Жаңалықтар / Мұрағат
06.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №9 06 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
05.02.2026
Өзбекстан Түркия арқылы теңізге шығудың жаңа жолын тапты
Қауіпсіздік
05.02.2026
Сексеуілде теміржол қауіпсіздігіне арналған тораптық жиын өтті
Жаңалықтар
05.02.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Құқықтық дәріхана» профилактикалық акциясы өтті
Әлемде
05.02.2026
Ұлыбританияда алғашқы аккумуляторлы пойыз жолаушы тасымалдауды бастады
Жаңалықтар
05.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
04.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан Солтүстік – Оңтүстік бағытында мультимодальды тасымалдарды дамыту туралы келісті
Спорт
04.02.2026
Қыс қызығы – «Кәсіподақ шаңғысы»
Жолаушылар тасымалы
04.02.2026
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Әлемде
04.02.2026
DB және Alstom пойыздарды қашықтан басқару технологиясын сынақтан өткізуде
Цифрландыру
03.02.2026
Сингапурлық технология Қазақстан логистикасын қалай өзгертті?