Апат айтып келмейді

Жаңалықтар
17.11.2017, 11:20
Оқуға 3 мин
Жіңішке станциясында күкірт қышқылы құйылған цистерна аударылып,  нәтижесінде үш теміржолшы уланып, оқиға орнында жер қабатын зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл Ақтөбеде өткен «Қыс-2017» республикалық оқу-жаттығудан көрініс.  Облыс орталығындағы бірнеше нысанда қолға алынған ауқымды шараға Ақтөбе ЖТ бөлімшесі мен магистральді желі бөлімшесінің  қызметкерлері де белсене атсалысты. Оқиға шынайы секілді көрініс тапты. Қаптаған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өз міндеттерін бұлжытпай орындап жатыр. Станция маңы бейне  бір кино түсіру алаңына айналып кеткендей әсер қалдырды... Шараның өтуін қадағалау үшін келген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов бастаған лауазымды тұлғаларды Ақтөбе жүк тасымалы және магистральды желі бөлімшелерінің жауапты адамдары оқу-жаттығу шараларының барысымен таныстырып өтіп негізгі тәжірибелік жаттығуларға кезек берді. Басынан бастап айтсақ, жаттығу алаңында №2002 пойыздың жолдан шығып кеткені туралы  хабарланды. Бір цистерна қапталға ауып, ішіндегі күкірт қышқылы төгіле бастайды. Нәтижесінде сол маңда жүрген үш теміржолшы – машинист көмекшісі, аға шебер және аға электр механигі уланып құлап қалады.  Сценарий бойынша үшеуін де химиялық күйік шалады. Станция диспетчері болған жайт жөнінде кезекшіге хабар береді. Сонымен бірге дауыс зорайтқыштың көмегімен станция кезекшісі химиялық зақымдану болғанын теміржол паркінде жүргендерге хабарлайды.   Ондаған тонна күкірт қышқылының төгілуіне байланысты өз беттерімен ештеңе жасауға болмайтынын түсінген теміржолшылар дереу төтенше жағдайлар департаментіне хабарлайды. Ол жақта дереус жедел штаб құрылып, төтенше жағдай басқармасы, азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтерінің басшыларына шұғыл  тапсырма беріледі. Оқиға орнына жеткен облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің радиациялық химиялық қорғау звеносы апат болған аумақтағы ауа құрамы мен адамдардың зақымдануын зерделеп, эпицентрден 50 метр қашықтық радиусында қоршау жалауларын орнатады. Желдің жылдамдығы мен бағытын әрдайым бақылауда ұстайтын метеопост және химиялық бекет орнатылады. Бірнеше минуттан соң, қышқыл төгілген алаңды арнайы газдан қорғану маскасы – «противогаз» киген әскерилендірілген күзет пен көліктегі полиция қызметі қоршауға алады. Алты адам, үш көлік жақын маңдағы тұрғын үйлерді аралап, сақтық шаралары жайлы ескертеді. Уланған теміржолшыларды дәрігерлер дереу жедел жәрдем көлігімен алып кетеді. Ал төгілген күкірт қышқылы зарарсыздандырыла бастайды. Көбік шашылып, құм себіледі. Ал рельстен шығып қалған цистернаны пойызды қарлына келтіру қызметі рельске шығарады. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Эдуард Құрақбаевтың айтуынша, осыған ұқсас жағдай былтыр Шалқар мен Жем станцияларының арасында болған. «Сутегі пероксиді бар контейнер құлап, улы химикат далаға төгілді. Абырой болғанда, адам зардап шекпеді. Бір жарым сағаттың ішінде улы зат төгілген жер зарарсыздандырылды. Пойыз құрамының басындағы және соңындағы вагондар ағытылып алдынды. Сондықтан бүгінгідей пысықтау шараларының маңызы зор. «Қыс-2017» оқу-жаттығу шараларының теміржолға қарасты мекемелер үшін де үлкен тәжірибе екені түсінікті», – деді ол. Айта кетейік, шараға теміржол құрылымдарының барлығы қатысты, сонымен бірге, 150-ге тарта теміржолшы жұмылдырылды. Барлығы небәрі 30 минутта аяқталды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды