Бильярд – ептілік пен шеберлік ойыны

Жаңалықтар
17.11.2017, 11:22
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты теміржол мекемесі қызметкерлерінің арасында бильярдтан жарыс өтті. Облыс орталығындағы «Алтын орда» бильярд клубында ұйымдастырылған шараға 18 теміржолшы қатысты. Жарысты ашқан Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов бекзадалардың ойынына айналған тастаяқ жарысында әулиеаталық теміржолшыларға сәттілік тіледі.     Жалпы, расында соңғы жылдары саламатты өмір салтын ұстанған болат жол қызметкерлерінің қатары артып келеді. Ал ептілік пен шеберлік сынға түсетін бильярд ойыны өте шиеленісті де тартысты өтті. Бірінші орынды Жамбыл вагон пайдалану депосының қызметкері Алмаз Кабдыкешов иеленіп, Жамбыл жол бөлімшесі кәсіподақ ұйымы дайындаған плазмалық теледидарға ие болды. Ал екінші орын тұғырынан көрінген кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Серік Наурызбаев кубок пен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ үшінші орын иеленген бөлімше қызметкерлері Болат Абдуов пен төртінші орынға табан тіреген Арман Муздыбаев та диплом мен қаржылай сыйлық алды. Жарысқа қатысушылар осындай доданы ұйымдастырған жол бөлімшесінің директоры мен кәсіподақ ұйымына ризашылығын айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Арсен Байзақ, Тараз

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл