Аманатқа қиянат болмасын
Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желі бойындағы қауіпсіздікті сақтау, құқықбұзушылық факторларының орын алмауы, теміржолшылардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату мен қорғау жолында маңызды іс-шаралар өтуде.
Мәселен, осы аптада Аягөз бен Шар аталмыш тақырыптарды өзек еткен мәні жоғары жиын өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей ЖТ филиалы» директоры Марлен Көкірекбаев, Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежанов, бөлімшенің бас ревизоры Сайлау Юсупов және Семей көлік прокуроры Медет Несіпбек, Семей станциясы желілік ішкі істер басқармасы мен Семей әскерилендірілген күзет қызметі басшылығы, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.
Жиын барысында қозғалған негізгі тақырып – тасымалданған көліктің сақталуы, жүк ұрлығының жолын кесу, теміржол қызметіндегі мүліктерге қол сұғуға жол бермеу.
Бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы бұл мәселелердің қай кезде де күн тақырыбынан түспей келе жатқанын айта келе, алдағы уақытта да күн тәртібінен түспейтінін ескертті. Бөлімшенің бас ревизоры Сайлау Юсупов арнайы баяндама жасап, желі бойындағы келеңсіз жайттар жайлы нақты фактілерді келтірді.
Ал, Семей көлік прокуроры Медет Маратұлы барша теміржолшылар алдында өз мекемелері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар қатарына тоқталып өтіп, құқық құрғау өкілдерінің өзара ықпалдастықта қызмет жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, теміржолшылар үшін қоғамдық қабылдау жүргізіп, пікір-ұсыныстарына да құлақ түрді. Осы тәрізді әскерилендірілген күзет қызметі мен желілік полиция басқармасы басшыларының да аталмыш тақырыпта айтары мол болды. Желі бойындағы тәртіп пен ұрлық фактілерін болдырмау, әсіресе теміржолшылардың өздерінің тасымалданған жүктерге қол сұқпауы, аманатқа қиянат жасамау жөнінде әңгіме өрбіді.
Дәл осындай маңызы жоғары жиын теміржолшылар мол шоғырланған Шар станциясында да орын алды. Келелі әңгіме барысында сөз алған бөлімше басшылары мен көлік прокуроры аталмыш бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу туралы әңгіме жүргізді. Нақты деректерден мысал да келтірілді. Шар теміржолшылары да өз тараптарынан ұсыныс-тілектерін жеткізіп, өздерін толғандырған мәселелермен бөлісті.
Сондай-ақ, қос шаһарда кездесу өткізген жоғарыдағы топ, мұнымен қоса жергілікті аудан әкімімен де кездесіп, әлеуметтік, құқықтық сала бойынша тұшымды әңгіме жүргізді. Алдағы уақыттағы желі бойындағы атқарылар шаралар қатарын бірлесіп ширату, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиімді әрекеттестік жүргізу жайлы өзара уағдаластық жасасты. Жергілікті полиция қызметкерлері де әріптестік танытып, бірге жұмыс жүргізуге бейіл екендіктерін жеткізді.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды