Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды

Жаңалықтар
09.07.2026, 08:20
Фото: Министерство транспорта

Алматы-1 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға 500-ден астам маман тартылған, олар тәулік бойы екі ауысым режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Rail-news.kz

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінде нысанның дайындық көрсеткіші 40%-ды құрайды. Атап айтқанда, шатырдан жаңбырсуын ағызу кәрізі орнатылып, сыртқы демонтаж, сыртқы витраждар мен инженерлік желілердегі жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, аралдық перрон платформасының құрылысы және электрмен жабдықтаудың уақытша желілерін орнату жұмыстары аяқталды.

Нысанда шатырды орнату, металл қаңқаны күшейту, инженерлік желілерді, жылыту, желдету және автоматты өрт сөндіру жүйелерін монтаждау, сондай-ақ ішкі қабырғалар мен қалқаларды тұрғызу шаралары жалғасуда.

Бұдан бөлек, вокзалды заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы және ішкі витраж жүйелерін жеткізу және монтаждау іске асырылып жатыр. Сондай-ақ, лифт және эскалатор жабдықтарымен, жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелеріне арналған инженерлік жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары қамтылуда.

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру нысанның эстетикалық және функционалдық сипаттарын жақсартып қана қоймай, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылық деңгейін арттырып, көлік инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты