Локомотивтер қысқа дайын

Жаңалықтар
17.11.2017, 11:56
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында  жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техникалық жарамдылығы мен қыс маусымында жұмыс істеуге дайындығы бойынша күзгі комиссиялық байқау  қорытындысы шығарылды. Күзгі комиссиялық байқау кезінде жылжымалы құрам техникалық, эстетикалық, өрткеқарсы қауіпсіздігі, санитарлық және мәдени жағдайы бойынша ескертулердің болмауына қатысты бекітілген регламентке сәйкес бағаланған. Локомотивтерді қыс маусымына дайындау барысында маусымдық жылыту, майлау түрлері ауыстырылып, эстетикалық жағдайы жақсартылған, сонымен қатар кем-кетіктер түзетілген. Дайындық сапасы жоғары және қол жеткізген көрсеткіштері көтеріңкі локомотив деполары да байқау қорытындысы бойынша назардан тыс қалмай, жүлделі орындарға ие болды. Бірінші топ локомотив деполары арасында ақтөбеліктер топ жарса, екінші орын жаңаарқалық депоға, ал үшінші орын қостанайлық локомотившілер еншісіне бұйырды.   Екінші топ локомотив деполары арасында Қарағанды локомотив депосы үздік деп танылды. Ал екінші және үшінші орындарды Астана және Екібастұз локомотив пайдалану деполары өзара бөлісті. Үшінші топта Мақат локомотивтері жеңімпаз деп танылып, екінші орын мінберінен Балқаш депосы көрінді, үшінші орынды Семей локомотив пайдалану депосы місе тұтты. Тепловоздар мен электровоздардың қатал маусымға сапалы дайындығы олардың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, төменгі температура жағдайында жүк пен жолаушылардың қауіпсіздігі және үздіксіз тасымалы сақталатынын айтады  жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар.

Ислам ТАЛҒАТ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды