Күрес жалғасуда

Жаңалықтар
17.11.2017, 12:23
Оқуға 1 мин
Ақтөбе жол дистанциясының мәліметтеріне қарағанда, жыл басталғалы теміржол бойында үш бөгде адам көз жұмған. Екеуі мас күйінде жолдың үстімен жүрсе, біреуі суицид жасаған. Ақтөбе жол дистанциясының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Бақытқали Аманғалиевтің айтуынша, бөгде адамдарды теміржолдан сақтандыру  үшін жыл он екі ай күресіп келеді.  "Баспасөз құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарымен қатар, оқу орындарының оқушыларымен және студенттерімен, жол бойына жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен кездесулер өткізіп келеміз. Көліктегі тәртіп сақшылары, жергілікті билік өкілдерімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жасап келеміз", – дейді жетекші инженер. Бақытқали Аманғалиевтің айтуынша, теміржолшыларды алаңдатып отырған екі жол телімі бар. Бірі Ақтөбе, екіншісі Жіңішке өткелі. Бір айта кетерлігі, жол бойына қоршау тұрғызылғалы адам өлімі азайған, алайда, оны бұзып, рұқсат етілмеген жерлермен өту жайттары әлі де азаймаған,  сондай-ақ ұялы телефонға құлаққап жалғап алып, құлағын бітеп алып жүретіндер де азайғаны байқалған. 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды