Транскаспий бағдарын дамытуға келісті

Жаңалықтар
17.11.2017, 12:46
Оқуға 3 мин
    Азия мен Еуропаны жалғаған алтын көпір – Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен жүк тасымалын жыл аяғына дейін 1,3 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы  Бакуде өткен Транскаспий халықаралық көлік бағдары халықаралық қауымдастығының  жиынында айтылды. 15 қарашада Бакуде «Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығы» ЗТҚ (заңды тұлғалар қауымдастығы) мүшелерінің жалпы жиналысы өткізілді. Онда аталмыш бағдарда жүк тасымалдау көлемін арттыру мәселесі талқыланды. Жалпы жиналыста «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТҚ  Бірлестік басқармасының төрағасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев сөз сөйледі. Қ. Алпысбаев жиналғандарды Баку – Тбилиси - Карс теміржол бағдарының ашылуымен құттықтап, жаңа бағдардың ашылуы тарихи оқиға деп бағалады.  «Біз енді осы бағдардың инфрақұрылымын жақсартып, дәліздің өткізу әлеуетін көтеріп, қосымша жүктер тартуды белсенді жүргізуіміз керек», – деді Қанат Алпысбаев. Оның айтуынша, биылғы жылы ТХКБ аумағында тасымал көлемін  725 мың тоннаға жеткізу жоспарланған болатын. Қазірдің өзінде жүк тасымалы 1 миллион тоннаға жеткен. Енді жыл қорытындысы бойынша 1,3 миллион тоннаға жетеді деп болжам жасауға болады.  «Біз келесі жылы Транскаспий бағдарымен қазақстандық көмір, химиялық, тау-кен өнімдерін тасымалдау, контейнерлік тасымалды дамытуды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы ТХКБ бағдарымен 3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарымызда бар», – деді Қ. Алпысбаев. Келесі жылы ТХКБ бағдарымен мұнай, газ ғана емес, қазақстандық астықты Әзірбайжан, Грузия, Түркияға шығару да жоспарланып отыр екен. Алпысбаевтың айтуынша, бірнеше жақты келісілген тасымалдаушылардың ынтымақты қызметі халықаралық бағдардағы тасымалдың осы қарқынмен жалғасын табатын болады. Сондықтан онда бәсекеге сәйкес келетін мөлшерлеме белгілеген жөн. «Транскаспий халықаралық көлік бағдары халықаралық қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысына «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов, «Грузин темір жолы» басшысының орынбасары А. Николашвили, «Түрік темір жолының» Жүк тасымалдау жөніндегі бас директоры В. Курт, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының басшысы А. Түрікпенбаев, «Әзірбайжан Каспий теңізі кеме қозғалысы» ЖАҚ басшысы Р. Велиев, Баку халықаралық теңіз портының директоры Т. Зиядов, Батуми теңіз портының бас директорының орынбасары И. Мұқатов қатысты. Жалпы жиналыс отырысында Қауымдастықтың 2017 жылы атқарған қызметінің алдын ала қорытындысы қаралды. Сондай-ақ, 2018 жылғы ТХКБ бағдарындағы тарифтік мөлшерлеме бекітілді. Сонымен қатар Баку – Тбилиси – Карс жаңа теміржол желісіндегі жүк тасымалының тарифтік мөлшерлемесі қаралып, бекітілді. Қауымдастықтың 2018 жылға арналған шараларының жоспары мен бюджеті бекітілді. Қауымдастықтың жалпы жиналысының шешімімен оның құрамына «Құрық порты» ЖШС (Қазақстан) компаниясы, Lianyungang Port Holdings Group (ҚХР) қауымдастырылған мүшесі болып қабылданды.

 Иса БЕРКІМБАЙ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды