«Қамқор» қосымшасы қолдау тапты

Жаңалықтар
22.11.2017, 13:29
Оқуға 2 мин
 «ҚТЖ» ұлттық компаниясында да Қазақстан кәсіпкерлері үшін өзіндік бір қалта көмекшісі болып табылатын «Қамқор» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері мен тексеру есебі және тіркеу тәртібі талқыланған жиын өтті. Отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Бахытжан Нұғұманов, ҚР ЖТ арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Жиынды ашып, сөз сөйлеген Б. Нұғұманов мобильді қосымшаның компания мен оның еншілес ұйымдары үшін өзектілігіне тоқталды. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін «Қамқор» мобильді қосымшасын жасап шығару өте өзекті. Осылайша мемлекет біздің құқықтарымызды барынша қорғайтын болады, – деді өз сөзінде Б. Нұғұманов.  Жасап шығарылған мобильді қосымша туралы ҚР ЖТ арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасының бастығы Маралбек Ешимов баяндады. Барлық қатысушыларға аталған қосымшаны қалай қолдану керектігі және оның мүмкіндіктері туралы бейне ролик көрсетілді. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер құқығын қорғауға зор көңіл бөлінуде. Бұл бағытта ҚР Бас прокуратурасы «Атамекен» ҰКП-мен бірге ауқымды жұмыстар атқарып келеді. «Қамқор» мобильді қосымшасы кәсіпкерлер үшін міндетті талаптардың бірі емес, бірақ ол заңсыз тексерулерге жол бермеуде қосымша құрал ретінде қызмет етеді. Қосымшаны пайдаланушыларға тексеру болатындығы туралы осы бағдарлама арқылы хабар беріледі. Сонымен бірге ол тексерушілердің мәліметтерін салыстыра талдай алады. Егер сәйкес келмесе, оларды тексеруге жібермеуге толық құқылы. Қосымшаны Android үшін Play Market арқылы және Ios үшін AppStore бойынша жүктеп алуға болады, – деді Маралбек Ешимов. ҚР ЖТ арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасының арнайы есеп бөлімінің аға прокуроры  Бекбол Амангелдінің айтуынша, «Қамқор» қосымшасы арқылы кәсіпкерлер тексерілген зат пен оның жарамдылық мерзімі, құқықтық негіздемелері туралы ақпараттар ала алады.   – Сонымен қатар біз кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін осы интерактивті сервис көмегімен олардың арыздары және сұранымдарын да қадағалай алатын болдық. Комитетпен QAMQOR мобильді қосымшасы жасалып, ол мобильді құралдарға орнатылып жатыр, осындай ауқымды жұмыстар жасалуда, – дейді               Б. Амангелді. Отырысқа қатысушылар тексеру есебі мен тіркеу тәртібіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Бейне конференция ұйымдастырудың арқасында отырысқа «ҚТЖ» ұлттық компаниясының еліміздің барлық өңірлеріндегі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Мадина ТҰРҒҰМБАЕВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды