Алматы – Шу: құрылыс мәреге жетті
Үстіміздегі жылдың 27 қарашасында Алматы – Шу темір жол теліміндегі екінші жолдар бойынша қозғалыс пен теміржол үстінен салынған Алматы – Шамалған автокөлік даңғылы қатар ашылды. Бұл жоба Мемлекет басшысының өңір инфрақұрылымдарының дамытылуына оң серпін беріп отырған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – басты бағыттардың бірі. Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет» деп атап көрсеткен болатын.
Ақсеңгір станциясында өткен салтанатты шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, көлік қызметкерлері мен ардагерлері, құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.
Ұлттық компания басшысы Алматы – Шу желісіндегі екінші жолдар құрылысының толықтай бітуімен құттықтап, жаңа жолдың трансқазақстандық бағдарларды дамытуға, пойыздар қозғалысын шапшаңдатуға жаңа мүмкіндіктер ашып, ел аймақтары арасында коммуникациялық байланыстарды одан әрі кеңейте түсетінін атап өтті.
«Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансқұрлықтық тасымалдауды дамытуды белсенді жүргізуде. Соған орай жаңа инфрақұрылымды жасақтау мен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімі қысқартылуда»,– деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев. Сондай-ақ, ол жобаның өңірге ғана емес, жалпы республика экономикасы үшін де маңызы зор екендігін атап өтті.
Ұзындығы 113 шақырымдық екінші теміржол телімі құрылысы аса қысқа мерзімде екі жылда аяқталды. Осы мерзімде өте үлкен құрылыс ауқымы орындалды. 16 станция жаңғыртылып, 13 көпір мен жол өткелдері имараты, 156 шақырымға электр желісі мен басқа да өндірістік инфрақұрылымдық нысандары тұрғызылды.
Екінші теміржол телімі еліміздегі ең қазақстандық теміржол магистралының аса қарқынды қозғалысы мол тұсындағы ғажайып құрылыс нысандары пайдалануға берілуімен телімнің өткізу қабілеті 4 есеге артатын болады, сәйкесінше, жүк пойыздарының кезек күту уақыты екі есеге дейін кемітілуде.
Сонымен қатар 1,7 шақырымдық Елтай – Мерей жаңа автокөлік жолы салынып, Елтай селосынан ұзындығы 740 метрлік жол өткелі салынды. Бұған дейін Елтай селолық округінің Береке, Екпінді, Жетісу жалпы Қарасай ауданы елді мекендерінің тұрғындарын теміржолды кесіп өтудегі қиындықтардан құтылды. Бұл өткел өз кезегінде екі теміржол айырығының тығынын азайтып, автожол арқылы тәулігіне 17 мың машина өте алатын болады.
Шараға қатысушылар алдында Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, теміржол саласының ардагері Қалтай Сәмбетов сөз сөйлеп, Алматы – Шу теліміндегі екінші жолдар құрылысын теміржолшылардың бір атаның баласындай ұйыса жұмылып, уақытпен санаспай еңбек етуінің арқасында қысқа мерзімде бітіріп шыққанын тілге тиек етіп, маңызды оқиғалардың куәгерлеріне еңбектерінде табыс тіледі.
Салтанатты шараның соңында Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, Алматы облысының әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, Көлік саласының ардагері Қалтай Сәмбетов, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, «Халық қаһарманы» Тоқтар Әубәкіров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Фарит Галимов Ақсеңгір станциясынан Қытай-Еуропа транзиттік контейнерлік пойызы мен «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызының өтуіне сәт-сапар тіледі. Осы кезде теміржол үстінде автокөліктер керуені де алыс сапарға бет алды.
Нұрбек БЕКЕН
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды