Тест тапсырды

Жаңалықтар
28.11.2017, 18:56
Оқуға 2 мин
Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы орталығының алдын алу бөлімінің мамандары әлемде таралған  қауіпті жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы дертінен  сақтандыру мақсатында теміржолшылармен ашық диалогта кездесу өткізді. Теміржолшылар өз еріктерімен адам иммун тапшылығы вирусы сынамасын тапсырып, қорытындысын алды. Атырау ЖТ бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Ақназарұлының бастамасымен ұйымдастырылған  шарада облыстық ЖИТС орталығы мамандары «Есірткі құрбаны» атты сахналық қойылым қойды. Жас отбасының ұйып отырған шаңырағында дүниеге келген сәбиде ЖИТС дертінің болуы екі жастың сынаққа шыдамай, ажырасуына әкелгені бүгінгі қоғамда осындай оқиғалардың жиілеп кеткенінен хабардар еткендей еді. Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Маржан Зейноллақызы бастап келген мамандар адам иммун тапшылығы вирусы инфекциясының эпидемиологиялық  жағдайы,  берілу және сақтану жолдары туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілік  туралы айтып, теміржолшылардың сұрақтарына жауап берді.  Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Маржан Зейноллақызы: –Атырау облысы бойынша 262 адамнан адам иммун тапшылығы вирусы дертімен есепте тұр. Оның дені – шетелдіктер. Қазір 20-39 жас аралығында осы дерттің белгілері жиі анықталуда. Биыл дүниеге келген 1 сәбиден анасы арқылы жұққан дерт анықталды. Бұл дерттің алдын алу және  емін алып өмірді ұзартуға болатынын халыққа түсіндірудеміз. Біздің осы мақсатымызды теміржолшылар ұғынып, сұрақтар  қоюы бізді қуантты. Әдетте мұндайда белсенділік төмен болып жатады. Бірақ біздің теміржолшылармен ашық әңгімеміз қызу болды, – деп теміржолшылардің белсенділігіне риза болды.  Сайып келгенде ЖИТС орталығы мамандары лезде қорытынды нәтижесін шығаратын заманауи сынама құрлығысы арқылы өз еріктерімен анализ жасауға ниет еткен теміржолшылардан қан алып, 10 минутта нәтижесін шығарып берді. Орталықтың бөлім меңгерушісінің айтуынша, сынама тапсырған теміржолшылардың қанынан жұқпалы адам иммуны тапшылығы вирусы белгілері  анықталмады. Аурудың алдын алудағы осындай профилактикалық жұмыстар, дерттің алдын алумен қатар дерт анықталған жағдайда дер кезінде емделіп, айығуға  септігін тигізеді. Сондықтан Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің медицина саласының мамандарымен бірлесіп жұмыс атқаруы өзге салаларға да үлгі боларлық.

Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ

 
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды