Көпірді де керек қылмайтындар бар...
Шетпе станциясында көптен қордаланған мәселе өткен жылы шешімін тауып, темір жол үстімен арғы-бергі елді мекендерді байланыстыратын аспалы көпір қолданысқа берілген еді. Бүгінде жергілікті халық қарасаң көзтоярлық көпірмен әрі қауіпсіз жолмен қатынауда.
Станциядағы 8 темір жолдың үстімен салынған аспалы көпірдің биіктігі 8 метр, үзындығы 100 метрден асады. Бір ерекшелігі заңғар жүктерді алып өтуге кедергі келтірмейді, қажет кезінде ашылып, қайта жабылады. Құрылысына 48 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген аспалы көпір үстімен содан бері қанша халық жүрді, қаншама қауіптің алды алынды, ол бізге белгісіз. Бір білетініміз темір жолдың арғы жағындағы мектеп, спорт, мәдениет орындарына баласын жіберіп, үйінде байыз таппай отыратын ата-аналардың үрейі сейілген. Десе де ауыл тұрғындарының қажетіне жарап тұрған нысанға баспалдақпен шығуға еріне ме, әлде өз өміріне соншалықты немқұрайлы қарайтындар ма, әлі де жолды кез келген жерден кесіп өтетіндер азаймай отырған көрінеді.
Мұны жуырда сол жақта болып, шойын жолдағы осындай бейберекет әрекетті болдырмау үшін орта білім беру мекемелері мен мектеп гимназиясында түсінік жүргізген Ақтау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің өкілдері де растайды. Өзіміз де көпірді қызықтап, үстімен жүрген едік. Төменде, тұрған жерімізге жақын маңнан темір жол ережесін бұзып бара жатқан бірнеше адамды көзіміз шалды.
– Көпірдің бір жағында аудан орталығы, екіншісінде халық саны жоғары ауылдардың бірі орналасқандықтан әрлі-берлі жүрушілер көп. Шетпеде ауданның әлеуметтік, өзге де маңызды нысандары, Жаңаорпада мектеп, аурухана, газ мекемелері шоғырланған. Бұл екі ортада қатынас қашанда қарқынды. Сондықтан көпірдің пайдасы орасан. Бұрын көлігі барлар автомобиль жолына, жаяу жүргіншілер өздеріне арналған екі өткелден өтетін. Енді оған көпір де қосылды. Дегенмен кейбіреулерге бұл да жеткіліксіз, темір жолды төтесінен басып бара жатқандар әлі де кездеседі. Сонда, көпірді де керек қылмайтын бұл халыққа не шара, – деп қынжылыс білдірді Шетпе станциясының бастығы Бәлібек Есенгелдиев.
Бір жаманы, станцияда желілік ішкі істер бөлімінің арнайы пункті жоқ. Мұнда жергілікті халықтан бөлек Жаңаөзен қаласының тұрғындары да пойызбен келіп-кетеді. Яғни, кісі кісі қарасы үнемі қалың. «Сондықтан полициясы бөлімшесі керек-ақ», деген станция басшысы оған орын табу мүмкіндігін қарастыруға әзір екендіктерін де жеткізді.
Ақтау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Серік Оразғалиев та Шетпеде бөлімше болмағаны станцияда тәртіп бұзушылықты бақылауға мүмкіндік бермейтінін жасырмады.
Жақында бүкіл құзырлы мекеме өкілдері мектептерді аралап, темір жолдан өту қауіпсіздігін сөз етіп, пойыз келіп қалғанда қандай әрекет жасау керектігі жайлы деректі фильм көрсетіпті.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды