Ұрпаққа мұра болатын ұлы жобалар
Жаңалықтар
08.12.2017, 11:12
Сәрсенбінің сәтінде, 6 желтоқсан күні Елордадағы ЭКСПО конгресс орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. Онлайн режимінде өткен дәстүрлі шара барысында Мемлекет басшысы 25 индустриалдық жобаның іске қосылуына пәрмен берді.
Телекөпір барысында тұсауы кесілген жобалар төрт бөлімнен тұрды. Біріншісі, индустриалдық-инновациялық, екіншісі, инфрақұрылымдық, үшіншісі энергетикалық және агроөнеркәсіптік жобалар. Инфрақұрылымдық жобалар көшін бастаған нысан – Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында салынып жатқан Маңғыстау өңіріндегі Құрық порты паромдық терминалының бірінші кезеңі іске қосылды. Қазіргі таңда Құрық портында паромдық кешеннің автомобильдің құрамдас бөлігіне қатысты құрылысы аяқталып отыр. Оның құрылысы өткен жылы басталған болатын. Себебі, Ақтау портына Түркия, Украина және Грузиядан жүк машиналарының ағылып, сол кезде еліміздегі жалғыз теңіз айлағы оларды қабылдап алуға қауқарсыздық танытты. Енді бұдан былай жүк тиеген машиналар осы Құрық портына келетін болады. Портта барлығы жылына 6 млн тоннаға дейін жүк өңделетін болады. Бұл жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
–Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарының маңызды құрамдас бөлігі. Үстіміздегі жылы порттан 1 млн 200 мың тонна жүк өткізілді. Жаңа паромдық автомобиль кешені бұл жылына қосымша 2 млн тонна жүк. Бүгін біз Түркияға және Еуропа елдеріне жаңа бағдарларды іске қоспақпыз, – деді Құрықтан байланысқан шыққан «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров
Өз кезегінде Мемлекет басшысы: «Құрық портында паромдық өткелді іске қосып отырмыз. Құрық порты Құрық – Баку – Грузия – Түркия (Босфор бұғазы арқылы) – Еуропа бағдарында жұмыс істеуге дайын. Енді Қазақстан тек құрлықтық мемлекет емес, ол барлық теңіздерге шыға алады» деді.
Инфрақұрылымдық жобалар аясында іске қосылған келесі бір нысан, «Эйр Астана» авиациялық-техникалық орталығы болды.
«Президент мырза! «Эйр Астана» Орталық Азиядағы ең ірі авиажөндеу кәсіпорынын құру бойынша жобаны іске асырып отыр. Ол Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес, өз авиалайнерлері мен басқа да әуе компанияларының ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін болады» деді «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер.
Келесі жоба Маңғыстаудағы «Ақтау – Бейнеу» автожол жобасының «Ақтау – Шетпе» телімінің іске қосылуы болды.
–«Құрметті Елбасы! «Ақтау – Шетпе» телімі «Астрахан – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы» халықаралық транзиттік дәлізінің құрамына кіреді. Бұл Ресей және Шығыс Еуропаны Орталық Азия елдерімен байланыстыратын ең қысқа жол. Жүк тасымалының көлемі жылына 3 млн тоннаны құрап, Ақтау мен Құрық теңіз порттарының мүмкіндігін арттырады», – деді ҚР ИДМ Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев.
Бұл жобаға қатысты Нұрсұлтан Назарбаев: «Индустрияландыру және «Нұрлы жол» мемлекеттіік бағдарламалар арқылы елімізде барлық өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы бағдарламалар шеңберінде біз 4500 км тас жол салдық. Енді тағы да 4500 км тас жол салу керек. Біз толығымен Қазақстанның көлік инфрақұрылымын өзгертудеміз» деді.
Инфрақұрылымдық жобалар көшін аяқтаған соңғы жоба Шымкентте бой көтерген «Continental Logistics Shymkent» ЖШС ірі көлік-логистикалық орталығының таныстырылымы болды.
–Құрметті Президент! Біз Шымкент қаласында мультимодальды көлік-логистикалық орталығының құрылысын аяқтадық. Оның жұк өткізу қабілеті жылына 1 млн тонна. Біздің орталық Шығыс – Батыс, Оңтүстік – Солтүстік ағынына қызмет ететін кеден аймағы мен толық сервистік желісі қамтылған заманауи кешен. Нұрсұлтан Әбішұлы, осы инфрақұрылымдық жобаны іске қосуға рұқсат етіңіз! – деді Шымкенттен байланысқа шыққан «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев.
Елбасы бүкіл тапқан табысын теміржолды дамытуға жұмсап, тепловоз, электровоз жасайтын, рельс шығаратын зауыттар салып жатқан «Қазақстан темір жолы» комапаниясын өзгелерге үлгі еткенін айта кетейік. Бүгін іске қосылып отырған инфрақұрылымдық жобаларға жоғары баға берген Президент: «Сіздер ұлы мақсатты орындадыңыздар. Ұрпақтарымызға мәңгілікке қалатын мұра жасап жатырсыздар. 50-100 жыл өткенде осы жолдармен ұрпақтарымыз жүреді. Олар бабаларымыз салып кеткен деп айтатын болады. Осындай жобаға қатысу арқылы елге үлкен жақсылық жасап жатырсыздар» деп тұсауы кесілген жобаларға сәттілік тіледі.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар