Мұстафиндер ұстанымы

Жаңалықтар
14.10.2016, 17:09
Теміржолшы – бабадан балаға мирас болып қалатын отбасылық мамандық. Бұл орайда солтүстік Түрксібтің отаны саналатын Семей жол бөлімшесінде әулетімен шойын жол саласында қызмет ететін жанұялар көп әрі ол жайт бүгінде ешкімге таңсық емес. Алайда солардың арасында бүкіл отбасы мүшелерімен желі бойындағы бір ғана сала – станцияда ғана қызмет ететін отбасылар да бар екен.   Солардың бірі – Мұстафиндер әулеті. Дегелең-Семей телімінің 242,1 шақырымында орын тепкен шағын ғана Известковый станциясында бір ғана жанұяның мүшелері еңбек етеді. Станция бастығы - отағасы Рысқали Мұстафинов  қасына өз балаларын алып, еңбекке баулыпты. Бүгінде станция кезекшілері болып еңбек ететін екі ұлы кәнігі теміржолшылар. Рысқалы Тілеужанұлы бұл саланың қыр-сырына әбден қаныққан, әсіресе станцияда еңбек етудің ыстық-суығын бір кісідей сезінген, тәжірибесі мол жан. Ал аталмыш станция ашылғалы бері, аттай 15 жыл бойы еш үзіліссіз еңбек етіп келеді.   -Әке-шешем де желі бойындағы станцияларда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан жандар еді. Станцияға әкемнің ұсынысымен келген едім. Енді міне, қазіргі күні өз ұлдарымның да станцияда жұмыс істеулерін қалап, қасыма алдым. Олардың қатарына күйеубалам да қосылды. Отбасымызбен жұмыла еңбек етеміз. Бір әулеттің адамдары болғасын жанашырлық пен жауапкершілк жоғары әрі тең дәрежеде болуы заңдылық секілді. Сондықтан, істің көзін таппай, ертеңгі күні опык жемеуі үшін  балаларымды өзім баулып, кәсіби тұрғыдан жетілулеріне барынша тырыстым, - дейді отағасы.     Станция бастығы бұл ата дәстүрдің ендігі аралықта немерелеріне де берілгенін қалайтынын жасырмайды. Сол себепті де, өз немерелерінің станцияға бауыр басқанын қалап, балалардың ойын алаңқайын әзірлепті. Соған сай, мектеп жасындағы немерелері каникулда станцияға келіп, уақыттарын осынау жазық даладағы шағын станцияда өткізеді екен.     Шағын болғанымен 5-ші класты станцияға жататын Известковыйдың жүгі ауыр. Тәулігіне 12 жұп жүк пойызы өтеді. Міне, қоңыр күздің де екінші айы орталап қалды. Іргедегі Қаражыра кенішінен көмір тиеп алып ағылған ұзын-сонар жылжымалы құрамдар ел Шығысын бетке алып, асығып барады. Ал осы қара алтын тасқынын қабылдап алып, қауіпсіздігін қадағалап жөнелтіп отырған Мұстафиновтар отбасының мүшелерінің басты ұстанымы – ата кәсіпке адалдық. 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде
Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс