Тәжірибелерімен бөлісті
Жаңалықтар
26.08.2016, 17:05
Кәсіби біліктілікті шыңдауда тәжірибе сәтіндегі семинарлардың берері мол. Бұл ретте Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша ілкімді шаралар іске асырылуда.
Әсіресе, майталман маман атанған теміржолшылардың озық тәжірибелерінен үлгі алу бағытында жетістікті жұмыс бар. Жуырда мұндай шаралардың қатары тағы да толықты. Атап айтсақ, Үшбиік станциясында Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен КТСМ қатыстылығымен СОБ құрылғыларына техникалық күтім жасау және техникалық құжаттандыру ісі бойынша өткен семинар-мектептің берері мол болғаны анық. Аталмыш шараға Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы, станция бастықтары және телім бойында еңбек ететін электромеханиктер қатысты.
– Байланысшы мамандарды озық үлгідегі еңбекке баулу, біліктіліктерін шыңдап, дистанциядағы жаңашылдықтарға қанықтыру елеулі мәселе. Сол себептен де, мұндай шаралар шалғай станциялардағы теміржолшылар үшін өте қажет, – деп атап өтті семинарды ашқан ШЧ-30 мекемесінің директоры Айдос Жұлдызбаев.
Семинарда Үшбиік станциясы электромеханиктерінің тәжірибелері көрсетіліп, қатысушыларына СОБ құрылғыларын күтімге алу жолдары түсіндірілді. Техникалық құрылғылармен жұмыс істеу тәртібі, батареялық шкафтың эстетикалық келбетін жасау және қатаң сақталуы тиіс техникалық нормалар жайы да сөз болды. Әрбір жабдық қызметі мен оған жасалатын күтім жайлы мұқият түсіндірген Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері, Ерғазы Ережепов қатысушылардың сауалдарына да жауап қайырды.
Осыдан кейін қатысушылар КТСМ-02 апаратурасымен жұмыс істеу тәртібімен танысты. Айта кету керек, семинарға кіл жас мамандар жиналған болатын. Сондықтан тәжірибелі мамандардың жастарға айтары көп болды.
Ал қорытынды жиында шара барысындағы көрсетілген іс-әрекет ортақ талқыға ұсынылды. Шара қатысушылары ұйымдастырушыларға алғысын айта келе, мұндай пайдалы семинарларды алдағы уақыттарда да жиі өткізіп тұру қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, техникалық құжаттандыру ісінде және станцияның эстетикалық келбетін жақсартудағы жетістігі мен СОБ құрылғыларына күтім жасаудағы жетістіктері үшін бірқатар мамандарға Алғыс хат пен кәсіподақ есебінен сыйақы табыс етілді. Ал сала ардагері, 40 жылдай еңбек өтілі бар байырғы электромонтер Мұрат Болсынбаевқа сый-құрмет көрсетілді. ШЧ-30 мекемесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Еркін Аимов көпшілікке Үшбиік станциясында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, есімдері аңызға айналған теміржолшылар,
545 жыл еңбек өтілі бар Маликариан Түкібаев сынды әйгілі династия өкілдері жайлы әңгімелеп берді.
– Бүгінде дистанциямызда еңбек ететін мамандардың 70 пайызы жастар. Қазіргі күні арамызда ұзақ жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкерлерден тек 5-6 маман ғана қалыпты. Аға буын күн санап зейнеткерлікке кетіп жатыр. Сол себептен де жастарға үлгі-өнеге көрсетсін деп аталмыш семинарда алдыңғы толқынға тәжірибелерін ортаға салуды ұсындық, – деді кәсіподақ төрағасы.
Бұл ретте, аталмыш шараға арнайы шақырылған Үшбиік станциясында ұзақ жылдар еңбек еткен байырғы электромеханиктер Маликариан Түкібаев, Зұлқұмар Түкібаев, Серіктөлеу Атабаев сынды жандардың өнегесі мол болғаны анық.
Семинар жұмысы жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі
Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жолаушылар тасымалы
20.06.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билет құнын есептеудің жаңа жүйесін енгізеді