Теміржолшылар ауданында балабақша ашылды
Конституция күні қарсаңында «Ғасыр құрылысы» атанған Бейнеу – Жезқазған темір жолының Шалқар – Бейнеу телімінде темір жолы құрылысымен қатар салынып басталған балабақша пайдалануға берілді. Өткен сенбіде Шалқар кентінде балабақшаның ресми түрде ашылу салтанаты өтті.
Шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келіп тұрғындар қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ, бұл шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе жүк бөлімшесі мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылықтары және жергілікті тұрғындар қатысты.
Айта кетейік, балабақша маңында теміржолшыларға арнап салынған әрқайсысы 2 пәтерлі 10 үй бой көтеріп, жаңа жолда еңбек ететін теміржолшылар қоныстанған. Сондықтан балалар бақшасының тәрбеленушілері негізінен осы ауданда қоныстанған теміржолшылардың бүлдіршіндері болмақ, сонымен қатар Шалқардың басқа ауданынан да балалар қабылдауға дайын.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Рита Басмағамбетованың айтуынша, бүгінде ауданда 558 бала балабақша кезегінде тұр. Осы кезекті азайту мақсатында тағы да бір балабақша салынып жатыр. Темір жол компаниясы салып берген балабақшаға 58 штаттық бірлік алынады. Мұнда жатын орын, ойын бөлмесі, жуынатын бөлме, ас үй, т.б. қарастырылған.
Жалпы құрылыс көлемі 2 552 шаршы метр, ғимарат ауданы 1 164 шаршы метр. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың өсуі мен дамуы үшін барлық жағдай жасалған. 190 орынға есептелген балабақша құрылысына 430 миллион теңге жұмсалған. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаражатты Қазақстан аумағы бойынша 10-нан астам кәсіпорынды біріктіретін «Қамқор Менеджмент» ЖШС бөлген. Мердігер компания – BI Group компаниясы.
– Балабақшаларға кезекті азайту – облыстық, республикалық деңгейдегі маңызды мәселе. Мемлекет осы өзекті мәселені шешу үшін аз қолдау танытпайды. Мемлекеттік – жекеменшік серіктестік балабақшалардағы орын тапшылығын шешудің тиімді құралы болып саналады, сондықтан мынадай зәулім ғимаратты шалқарлықтар игілігіне беріп отырған теміржолшыларға рахмет, – деді Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде.
Облыс басшысы балаларға әкімшілік атынан сый-сыяпат берді. Ашылу салтанатына келген меймандар балабақша басшылығына оның символикалық кілтін табыс етіп, лентасын кесті. Ғимараттың ішін аралап, оның жұмысымен танысып көріп, бүлдіршіндер үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанына көз жеткізді. Қыркүйек айынан бастап мұнда балалар қабылданбақ.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе Суреттерді түсірген автор
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды