Батырлар рухына тағзым
Тамыз айының басында М.Тынышбаев атындағы ҚазККА делегациясы үш жылдай оккупацияны бастан өткерген, ірі темір жол торабы санатындағы Ресейдің Псков облысы, Новосокольники қаласының 115 жылдық мерейтойына той иелерінің шақыртуымен барып қайтты.
Ұлы Отан соғысы жылдары тарихынан сыр шертсек, дәл осы Новосокольники қаласымен қазақтардың байланысы тереңнен басталады. Бұл қаланы немістерден азат ету жолында мыңдаған кеңес және қазақ жауынгерлерімен бірге халқымыздың батыр қызы Әлия Молдағұлова да қаза тапқан болатын.
«Сыйға сый, сыраға бал» демекші, ресейліктердің бұл шақыруын, қазіргі қаржылық дағдарысқа қарамастан, жас буынды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге маңыз берген академия ректоры Бақытжан Қуанышев құп алып, академия доценті Кеңес Жүсіпов жетекшілік еткен, құрамында 2-ші және 3-ші курс студенттері Нұрсұлтан Тасболат пен Игілік Қайыр бар делегацияға қаржылай қолдау көрсетіп, Новосокольникиге аттандырды.
–Біз тамыздың 5 мен 8 аралығында бірнеше шараларға қатыстық. Бірінші күні, Новосокольники ауданындағы Монаково бауырластар зиратындағы Әлия Молдағұлова мен оның қаруластары бейітіне жергілікті тұрғындармен бірге гүл шоқтарын қойып, тағзым еттік, құран бағыштадық. Бұдан кейін Насва ауылдық орта мектебінде орналасқан батыр қыздың музейін араладық және де аудандық кітапханада қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, Әлия апамыз бен басқа да жауынгерлердің ерліктері, аудандағы оккупация кезіндегі партизандық қозғалысы жайлы әңгіме-сұхбаттар жүргіздік, – дейді делегация құрамындағы студенттер.
Ал алтыншы тамыз күні қаланың мерейтойына арналған негізгі іс-шаралар өтіпті. Бұл жолы қазақстандық делегация Новосокольникидегі теміржолшылар саябағында жаңадан ашылған теміржолшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, «Россия и Казахстан: вместе в пути» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндамалар жасапты. Ал қаланың мерейтойына арналған салтанатты жиында делегация басшысы Кеңес Жүсіпов тұрғындарды қазақ елі, қазақ теміржолшылары атынан құттықтап, сөз сөйлесе, студенттер қазақ және орыс тілінде әндер шырқап, жұртшылық өнерлерімен тәнті етіпті.
Келесі күні академия азаматтары Новосокольникиден оңтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жердегі Невель қаласында жерленген, ерлігімен есте қалған қазақтың тағы бір даңқты қызы Мәншүк Мәметованың бейіті мен қаланың нақ ортасындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым еткен. Қайтар жолда Мәскеудегі Молдағұлова даңғылымен жүріп өтіп, Әлия атындағы №402 мектеп-лицейі ауласында орналасқан батыр қыз ескерткішіне гүл шоқтарын қойған.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды