Алматы – Шу: қазақстандық үлес жүз пайыз!
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Алматы-1 – Шу бағытындағы темір жол телімінің екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру құрылысына «Темір жол жөндеу» ЖШС филиалы – «ПМС Бірлік» мекемесі белсенді қатысуда.
Тоғыз жолдың торабына орналасқан Шу станциясынан 15 шақырым қашықтықтағы Кемер станциясынан бастау алған жобаны жүзеге асыру бүгінде өте қарқынды жүріп жатыр, жол бойында күнде бір жаңалық. Жол машиналары станциясын «Шалқар – Бейнеу» темір жол құрылысын салып ысылған тәжірибелі маман Рахметов Сәкен Маратұлы басқарады. Кәсіпорында184 адам еңбек етуде.
– Бүгінде №5 учаскеде жолды төсеуге жер телімін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы бес шақырымды кәсіпорын жұмысшылары өз күшімен төсеп шықты. Торлама-решетка төселіп жатыр. Сондай-ақ жекелеген бригадалар су өткізу құбырлары құрылысын жүргізуде. Ал жоба бойынша барлығы 26 су өткізгіш құбыр және үш көпір бар. Оның 16-сын өз күшімізбен салуымыз керек. Бүгінде оның сегізі салынды. Ал бүгінгі күні біздің алдымызда жетінші учаскеде жұмыстар жүргізу міндеті тұр. Жоспар бойынша бұл учаскеде қыркүйек айында құбырларды салып бітуіміз керек. Одан кейін мердігер компаниялар жер қыртысын дайындайды. Сондай-ақ мұндай жұмыстар алтыншы учаскеде де жүргізілуі тиіс. Ал бізде барлығы жеті учаске бар. Оның бесеуінде, яғни Шоқпар станциясына дейін биылғы жылы пайдалануға беруіміз керек. Бізге қарасты Шу станциясы мен Аңырақай арасы 32 шақырым. Аңырақайдан ары алматылықтар жұмыс жүргізіп жатыр. Ал екінші темір жол телімі құрылысы жүріп жатқан аумақта екі «толаскөз» өтті. Жұмыстар төртінші және бесінші учаскеде 7,3 шақырымда жүрді. Шағылтас төселіп, торламалар салынды. Қазір электрмен жабдықтау және сигнал беру, байланыс қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталған соң жолды пайдалануға береміз. Құрылыс жұмыстарында қолданылып жатқан материалдардың барлығы дерлік отандық өнімдер. Сондықтан, қазақстандық мазмұн жүз пайыз деп айтуға негіз бар, – деді учаске бастығы.
Рельстер Ақтөбе рельс балқыту зауытынан жеткізіліп, өндірістік базада жолға төсеуге дайындалады екен. Тіпті, учаскелер бойынша төсеу кестесі де жасалынып қойған. Шағылтас «Шоқпар-тас» ЖШС-нен тасымалданады. Серіктестік Шоқпар станциясына орналасқандықтан оны тасымалдауда еш кедергілер жоқ.
Арман Аязбаев, жоба жетекшісі:
– Қазір мұнда жер қыртысын дайындау жұмыстарымен қатар үш көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Көпірлер қыркүйек айының 15-де біту керек. Көпірлер құрылысымен қосалқы мердігер «МостстройАстана» компаниясы айналысуда. №№4,5 учаскелерде жұмыстар аяқталды. №№6,7 учаскелерде жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіліп, келесі жылға өтеді. Сондай-ақ бүгінде барлық учаске бойынша байланыс және сигнал беру құрылғылары орнатылуда. Жоғарыда айтқан №№6,7 учаскелерді электрмен жабдықтау жұмыстары да келесі жылы жүргізіледі. Қазір Шоқпар және Еспе станцияларында шкафтар орнатылуда. Мұндағы жұмыстар барлық сала қызметкерлерімен кешенді түрде жүргізілуде. 26 тамызға 10 сағатқа үлкен «толаскөз» өтті. Яғни, үлкен екі су өтетін құбыр құрылысы жүргізілді.
Біржан Тұрсынбеков, аға жол шебері:
– Өндірістік базада рельстерді дайындап, күрделі жөндеу жүріп жатқан немесе екінші телімнің құрылысы жүріп жатқан аумақтарға жөнелтеміз. Жұмыс көлемі жылдық жоспар бойынша бекітілген. Бүгінгі күні межеден қалмай келеміз. Жұмыс көлемі артқан кезде қосымша жұмысшыларды тартамыз. Қазір мұнда отыз адам еңбек етуде. Өзіңіз көріп тұрғандай жұмысшылар арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген. Қауіпсіздік және еңбекті қорғауда да жұмыстар ширақ. Базаның өзінде 16 телім бар. Осы телімдерде көктемгі және күзгі комиссиялық байқау кезінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Ескертулер болса жедел қалпына келтірудеміз.
Ерман Әбдиев, Бірлік
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды