Қауіпсіздік шараларына қырағы

Жаңалықтар
06.09.2016, 12:11
Астана Ірілендірілген жол дистанциясында жыл басынан бері өткен 7 ай ішінде өндірістік және өндірістік емес жарақат алу оқиғаларына және өзге де апатты жағдайларға жол берілген жоқ. Қауіпсіздік шараларын алдын ала уақытылы өткізудің арқасында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Дистанцияның қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Қырмызы Махамеджанованың айтуынша,  адам басу оқиғаларын болдырмау мақсатында бірқатар профилактикалық жұмыстар жасалған. Атап айтқанда, «Теміржол аймағында жүру ережелері» тақырыбында жол бойында орналасқан елді-мекендердің 570 тұрғынымен 27 кездесу ұйымдастырылған. Сонымен қатар, оқу орындарында 14 рет түсіндіру жиыны өткізіліп, оған 1987 адам қатысқан. Желілік тәртіп сақшыларымен бірлесе 8 рет рейд өткізіп, соның барысында 2 жол бұзу фактісі тіркелген. Филиалдың 1400 жұмысшысына теміржолда жүру ережелері туралы 22 техникалық сабақ өткізілген. –Биылғы жылға еңбек қорғау және жағдайын жақсарту мақсатында 35 шара ұйымдастыру жоспарланған болса, соның 10 шарасын өткізіп қойдық. Сондай-ақ осы жылы 11 жаңа жұмыс орны аттестациядан өткізілмек. Бұл жағынан М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясымен келісім-шарт жасалып, аттестацияны дер кезінде өткізу қолға алынуда. Сонымен қатар бізде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 130 адам бар, олар күн сайын сүтпен қамтамасыз етіліп отыр. Ендігі үлкен шара - алдымызда күзгі комиссиялық тексеру келе жатыр. Бұл науқанда да біздің жұмыс ауқымымыз арта түседі. Басты мақсат – қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келетін мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды уақытында шешіп отыру, - дейді Қ. Махамеджанова.

Ұлан Ораз

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды