«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ПОЙЫЗЫМЕН САЯХАТШЫЛАР КЕЛДІ

Жаңалықтар
09.09.2016, 11:34
Оқуға 2 мин
Ескі керуен жолдар қайта жаңғыруы осы емес пе?!  Түбекке «Жібек жолы» туристік пойызы келді. Өзбекстаннан жолға шыққан германиялық, швецариялық туристер мінген 921/922 пойызын Маңғыстау вокзалында  жергілікті халық үлкен қонақжайлылықпен күтіп алды.  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Маңғыстау бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бурхутов түбекке табаны тиген шетелдіктерге жол болсын айтып,  қонақтар құрметіне күй тартылып, шашу шашылды. Қазақы дәстүрмен бауырсақ пен қымыз ұсынылды.    Құрметті теміржолшы Табылды Әміров қонақтарға Қазақстандағы бірден-бір теңіз қақпасы болып табылатын қарт түбек  өзінің бай ресурстарымен, тарихи ескерткіштерімен ерекшеленетінін, сондықтан да Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай аталатындығын жеткізіп, саяхатшылар демалысын көңілді өткізетініне сенім білдірді.       Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауыновадан білгеніміздей,  «Ташкент – Камаши – Китаб – Бухара – Ургенч – Кунград – Маңғышлақ» бағытында келе жатқан пойыздан түскен   Щвейцария мен Германиядан шыққан отыз   шетелдік қонақтар теңіз жағасындағы ару қаланы тамашалап, өлкенің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлерімен таныспақшы екен. Түбекте екі күн аялдайтын олар әуелі Ақтау қаласына саяхат жасап, әрі қарай  Қарақия ойпатына, Маңғыстау төсінде орналасқан тау түзілісі – Шерқала мен облыстың басты көрікті жерлерінің бірі, діни сәулетінің бірегей ескерткіші «Шақпақ-Ата» жер асты мешітін көрумен жалғасады.  Туристердің басын қосқан бұл жобаны неміс компаниясы «Лерн» ұйымдастырған екен. Жобаның мақсаты – Азия елдерінің мәдениеті мен Ұлы Жібек жолын еуропалықтарға таныстыру.    Айта кету керек,  киелі орындарға, тарихи-мәдени, рухани мұраларға  бай өлке Маңғыстау  түбегіне соңғы кезде шетелдіктер  қызығушылығы  арта түскен.  Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында облысқа барлығы 80 525 шетелдік келген.  Облыстық туризм басқармасы басшысының айтуынша, қыркүйектің ішінде екінші топпен тағы  65 саяхатшының  келуі күтілуде екен.

   Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды