Кәсіби біліктіліктерін шыңдады

Жаңалықтар
09.09.2016, 16:04
Оқуға 2 мин
Ганюшкин станциясының техникалық қызмет көрсету пункті ғимаратында өрт сөндіру пойызы мен темір жол мекемелерінің қатысуымен  өрт-тактикалық оқу жаттығу шарасы өтті. Оған жеке құрамнан барлығы 10 адам қатысып,  жаттығу – құрылымдардың дайындығын  шыңдап,  жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыратын  шара екенін тағы бір дәлелдеді.  Ганюшкин өрт сөндіру пойызының бастығы Ерсін Адиловтың айтуынша, өрт сөндіру пойызы жыл он екі ай жауынгерлік дайындықта болады. Әр аптаның бейсенбі күндері мұнда дайындық сабақтары өткізіледі. Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатындағы оқу-жаттығулар да жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Жиі  өткізіліп тұратын осындай жаттығулар да  шеберлікті арттыруда сын болмақ.  Оқу-жаттығу кезінде алдымен «шартты өрт орнында» арнайы штаб құрылды. Осы штабтың басқаруымен бірінші кезекте шартты өрт оқшауланып, көрші нысандар қорғауға алынды да, сосын  шартты өрт ошағы толық өшірілді. Бәрі белгіленген уақыт шеңберінде талапқа сай жедел түрде атқарылды. –Жалпы оқу-жаттығудың мақсаты – жеке құрамның дайындығын арттыра отырып, біріккен күштердің өзара іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Өйткені «өрт - тілсіз жау» екенін ескерсек, күтпеген жерден өрт шыққан жағдайда, оның алдын алуда осындай оқу-жаттығудың маңызы зор. Ал, мұндай кезде біздің жеке құрамның шыңдалған жігіттері барлық іс- әрекетте де оқу-жаттығу кезінде алған іс-тәжірибесін тиімді пайдаланады деп сенеміз, – дейді Ерсін Адилов.    Өрт сөндіруге қатысушылардың жаттығу кезіндегі өзара іс-қимылға кәсіби дайындықтары, атап айтқанда, шұғыл жағдайды бақылау, өртті барлау, күш- құралдарды шоғырландыру, жедел штаб құру, өртті дер кезінде ауыздықтау, т.б. іс-қимылдары өз деңгейінде деп бағаланып, жоғары баға алды.

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды