Сақтандыру шарасы күшейтілуде

Жаңалықтар
16.09.2016, 16:47
Шымкент станциясындағы ЖІІБ ювеналды полиция  тобы қыркүйектің басында Түлкібас станциясында қауіпті аймақта тұратын тұрғындар мен әкімшілік қызметкерлеріне «Темір жол – қауіпті аймақ!» тақырыбында жиналыс өткізді. Ай сайын бір мектепке барып, оқушылармен, ұстаздармен, қала берді ата-аналарды шақырып, әркімнің қауіпсіздігі өз қолында екенін түсіндіретін  тәртіп сақшылары енді аудандарды аралауда. – Бұл жиында темір жол бойын қоршау керектігі сөз болды. Қоршалған аймақ бөгде адамға да, төрт-түлікке де қауіпсіз. Үлкен кісілер балаларын ерткенде өздері аспалы көпірмен жүріп, оларды да соған үйретуін жолыққан сайын айтамыз. Қауіп аяқ астында. Жыл басында бір ойын баласы вагонның төбесіне шығып, денесін күйік шалып, әрең аман қалған. Ал маусымда Манкент бекетінде оныншы сынып оқушысын маневр пойызы қағып кетіп, сол жерде жан тапсырды. Құлаққаптың кесірінен  жиырмадан асқан екі қыз пойыз жолда ажал құшқанын барған жиналыстың бәрінде мысал етіп  келеміз. Келесі кездесу Қазығұрт станциясында, сол аумақтағы тұрғындармен өтеді,– дейді  ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Аида Мақашева. Сондай-ақ, аталған станциядағы ЖІІБ тәртіп сақшылары осы күндері вокзалдағы жолаушыларға, қала тұрғындарына темір жолда тәртіп сақтап жүруін және осыны ұл-қызына ескертуін түсіндіріп, көпшілікпен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі