Жүк тиеу жоспары  асыра орындалған

Жаңалықтар
16.09.2016, 17:23
Аягөз станциясындағы  темір жол желісінің қызметтік өткелімен  теміржолшылар формасын киген  жігіт ағасы бүгін де баяу жүріспен жан-жағын жіті шолып келеді. Станция басындағы маневрлік пойыздардың қозғалысы, белгіленбеген жерден өтпек болған анау бір жасөспірім, оны ысқырығымен тоқтатқан сақшы... бәрі-бәрі назардан тыс қалмады.   Сондай-ақ, желі бойындағы қаулай өскен бұта мен шөптесін өсімдіктердің жұлынып, тазартылғанын, әйтсе де, қызметтік өткел бойындағы кесілген шірінді тал-теректердің әлі де орнында жатқанын көкейіне түйіп қойды. Бұл – Аягөз станциясының бастығы Қуаныш Әміреновтің күнделікті жұмыс күнінің бірі. Айнала төңірек  Қуаныш Тілеуғазыұлына бес саусағындай таныс. Бүкіл саналы ғұмыры осы жолмен байланысты өтіп келеді. Алғаш бастауыш сыныптарда сабаққа асыққанда осы маңаймен мектепке төтелей тартатын. Есейе келе, би кештеріне, қала орталығына да осы жермен барып жүрді. Одан соң әрине, станция бастығының орынбасары болып еңбек еткен кездерінде де үй мен жұмыс арасы болғандықтан желі бойын жол қылды. Міне, бүгін станция басын басшының көзімен шолып келеді. Бұл Қуаныш Әміреновтың күнделікті дағдысы. Таң бозынан бастап, пойыз қозғалысының қалыптылығын, станция қызметкерлерінің жұмысын қадағалап, тиісті тапсырмаларды жүктеп шығуды әдетке айналдырған. Аягөз станциясы 1 класқа жатады. Шығыс өңірдегі ең ірі торапта 51 адам еңбек етеді. Оның 60 пайызы жастар. Станция бастығы алғашқы кезекте жаңа толқынмен жұмыс істеуді бірінші кезекке қойған. Әсіресе, кіл жастар еңбек ететін пойыз құрастырушыларға кеңес беріп, жиі-жиі еңбек қауіпсіздігі жайлы дәріс оқу артық етпейді деп санайды. Солтүстік айналымға келген станция бастығы осындағы №1 постқа бас сұқты. Маневрлік жұмыстар қазір осы арадан басқарылуда. Нысан іші ұядай, қызмет барысында қолайлылық тудыратыны сезіледі. Тек орындықтардың ескіргендігі ғана бөлме ішінің сынын бұзып тұр. Қуаныш Тілеуғазыұлы мұны да көңілге түйіп алды. Қажетті жиһаздарды жаңартатын уақыт келген екен. Жұмыс күні осылай басталды. Ендігі бір міндет – түнгі ауысымнан шыққан қызметкерлерді тыңдау. Сондай-ақ, дәл қазіргі уақыттағы ахуал қалай, тәулік ішінде атқарылуы тиіс қандай меже тұр? Қанша вагонға жүк тиелуі керек, түсірілетіні қанша? Міне, мұның барлығы таңертеңгісін сегіз жарымдағы ұжым мүшелерімен бірге өткізілетін жиын барысында талқыланады. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген рас. Тәуліктік жүктеме туралы Семейдегі бөлімше басшыларына да селекторлық режимде өткен жиналыста хабарланып, тиісінше кеңестер алынады. Осыдан соң әрине, күні бойғы қызу жұмысқа білек сыбанып кірісу ғана тұр. Қауырт жұмыстардың нәтижесі де мол, станциядағы шаралар бүгінде толайым табысқа жетелеуде. –Мәселен, жартыжылдық көрсеткіш бойынша жүк тиеу бойынша жоспарды орындау 438,05 пайызға артып отыр. Ал жүк түсіру 180 пайызға орындалды. Сонымен қатар, станция бойынша вагондар айналымы 107,08%-ға артыпты. Бүгінгі таңда бұл жаман көрсеткіш емес, – деді станция бастығы. Бұл деректердің барлығы станция бастығының үстелінде жазулы тұр. Тәуліктік және айлық жоспар да көз алдында.  Әрі қарай, Қуаныш Тілеуғазыұлы кабинет ішінде қағазға көміліп отыруды жөн санамайды. Жұмыс күні арасында вагондар басындағы тиеу, түсіру жұмыстарын өзі қадағалап, қалыптасқан ахуалға қанығып қайту бұлжымас міндеті. Станция кезекшілері отырған кабинетке де бас сұғып шығады. Көрсеткіштерге бір көз жүгіртіп, ой қорыту кешкілік жұмысты қорытындылар сәтте тағы бір мәрте орын алады. Мұндайда таңертеңгілік көзделген межеге қол жеткізілді ме деген сауал бірінші кезекте тұрады. Осылайша Қуаныш Әміренов үшін жұмыс күні де аяқталады. Тек ымырт үйірілгенде ғана қайтатын басшы желінің екінші жағасына шығып, қозы көш жердегі үйіне тағы да жаяу тартты. Бірақ, бұл жолы темір жол бойын темірдей тәртіпке сүйенген қатал басшының емес, қарапайым қызметкердің, туған жердің жанашыр ұлының көзімен шолып барады...

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн