Техникалық күтім бабында

Жаңалықтар
16.09.2016, 17:44
Оқуға 2 мин
Қызылордалық белгі беру және байланыс дистанциясы еңбеккерлері тамыз айында 85 жылжымалы құрамды, жыл басынан бергі сегіз айда КТСМ құрылғыларымен 135 708 пойызды бақылап, олардың арасынан букстың қызуын 20 рет, 1 мәрте касетті букс кінәратын анықтаған. Дистанция теміржолшылары СОБ құрылғыларына техникалық күтім жасаумен қатар Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы бес жүз шақырымға жуық телім бойында қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап келеді. Осы телімдердегі автобұғаттау құрылғылары, диспетчерлік орталықтандыру жабдықтары, кабельді магистральдық желілер, бағыттамалық бұрмалардың және КТСМ құрылғысы секілді бірнеше техникалық құрылғылар мен байланыс жабдықтарын жұмысын тәулік бойы бақылап, олардың бабында болып кідіріссіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету ұжымның басты міндеті саналады. Дистанцияның техникалық бөлімінің маманы Татьяна Голенконың мәлімдеуінше, дистанция жұмысшыларының кінәсінен есепті мерзімде пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау жіберілмеген және де байланыстың негізгі құралдары қызметінің жабылуына жол берілмей, байланыс құрылғылары бабында жұмыс жасауда екен. Және де аталған мерзімде, байланысшы теміржолшылар кінәсінен рельстік тізбектердің істен шығуына жол берілмеген. Дистанцияда соңғы уақыттарда Жалағаш, Қызылтам станцияларынан басқа өзге бекеттерде букстың қызуын және әр түрлі бұзылыстарды анықтайтын ескірген ПОНАБ-3, ДИСК-Б құрылғылары жаңа үлгідегі КТСМ-01Д, КТСМ-2 қондырғыларымен алмастырылып, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы жақсартылыпты. Сонымен қатар мекемеде кешенді жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Мәселен №20, Анакөл мен Қараиірім бекеттерінде, Белкөл және Сұлутөбе станцияларында 5 данадан реверсивті ППРЗ-5000 релесінің жаңалануы, бүкіл телім бойынша ЩВП мен ПВ-ЭЦ, ПР-ЭЦ, ДГА панелі арасындағы жоғары кернеулі кабель орамдарының жай күйін ДГА ток көзінен екі фидерін өшіру арқылы тексеріп, өлшеу шаралары ұйымдастырылған. Жалағаш, Тереңөзек станцияларында бақыттамалық бұрмалардағы ауыстыруды қажет ететін электрожетектерді жаңарту жұмыстары нәтижелі атқарылған. –Сегіз ай ішінде және тамыз айында кешенді жұмыстар жүргізілуімен бірге Шорнақ – Түркістан станцияларында БКТ блоктары жаңартылып қосылып, Бөрітескен бекетіндегі шығыс Ч1-Ч3 және ЭЦ посты арасындағы СБЗПУ-24/2 типті кабелі ауыстырылып, Бесарық станциясында ТШ-2000-ның 14 данасы ТШ-65-ке алмастырылды. Және де Анакөл мен Қызылтам бекеттерінде КПТШ трансмиттерлері ТМ блоктарымен жаңартылды. Осы жұмыстардың барлығы ұжымдағы тәжірибелі теміржолшылардың ауа-райының қолайсыз жағдайларына алдырмай еңбектенуінің нәтижесінде жүзеге асырылды, – дейді дистанцияның техбөлім маманы Татьяна Голенко. Бүгінгі күні күзгі комиссиялық тексеруге қызу кіріскен дистанциялықтар қозғалыс қауіпсізідігінің бұзылмауына аса мән беріп, кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орында жұмыс жасауда.

Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Қызылорда

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды