Достықтың алтын көпіріне айналғай...
Әз Наурыз мерекесі биыл теміржолшылар үшін жағымды жаңалықпен басталғалы отыр. 21 наурыз күні оңтүстік астанадан «Алматы – Ташкент» бағдарында халықаралық жолаушылар пойызын шығарып салу салтанаты өтпек.
Қазақстан және Өзбекстан республикаларының Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде ұйымдастырылып отырған жаңа бағдар болашақта ықылым заманнан бері көршілес жатқан бауырлас қос елдің арасындағы байланыстың алтын көпіріне айналады деген үміт бар.
Біз Астана іргесіндегі индустриялдық парктегі «Тұлпар-Тальго» зауытына барып, көрші елге аттанатын отандық өнім үлгісімен танысып қайтқан едік. Кең қорапты «Тұлпар-Тальго» құрамдарынан жасақталған пойыз құрамындағы барлық типті вагондар жаңа үлгіде жасалған, интерьері мен дизайны түгел өзгерген. Бұл вагондардың орындықтары мен багаждары жетілдірілген. Әр бизнес-класс вагонының қолжуғыш пен шағын үстелдері бар. Гранд-класс вагондарда да жолаушыға барлық жайлылық жасалған. Мүгедек жандар үшін де қолайлылық бар, айқара ашылатын кіре беріс есіктер, кең дәліз, жиналмалы көтергіш жабдықтары қарастырылған.
Алматы мен Ташкентке қатынайтын «Тұлпар-Тальго» вагондары да осы соңғы дизайнмен жасталған. Вагондар қорабының ені 25 сантиметрге кеңейтілсе, биіктігі 22,4 сантиметрге көтерілген. №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық жолаушылар пойызы 29 вагоннан тұрады. Алматыдан аптасына екі рет дүйсенбі, сенбі күндері шықса, Ташкенттен сейсенбі, жексенбі күндері кері қарай шығады. Пойыз жолды 16 сағат 30 минутта жүріп өтеді. Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Ташкент станцияларына аялдайды. Пойыздың бағасы Алматыдан Ташкентке дейін: люкс – 13 036 теңге, бизнес – 11 077 теңге, купе – 9 342 теңге және отыратын орындары – 4 228 теңгені құрайды. Кең қорапты пойыздар «Алматы – Астана» бағдарында 2016 жылғы 11 желтоқсаннан жүре бастаса, «Алматы-2 – Шымкент» пойызы 2017 жылғы 1 қаңтарда жолға шыққан болатын. Қазіргі кезде 14 жүрдек пойыз бағдарлары республиканың барлық облыс орталықтарына қатынайды.
–Біз былтыр «Тұлпар-Тальго» ЖШС мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында жасалған ұзақмерзімді келісімшарт шеңберінде 116 вагоннан тұратын 4 құрамды жасап, оны желтоқсан айында тапсырдық. Бұл тапсырыс берушінің тапсырмасына орай жетілдіріліп жасалған кең шанақты вагондар. Қазір бұл вагондар қолданыста, сәтті қызмет етуде, «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан ешбір шағым түскен жоқ. Биыл біз барлығы 58 вагоннан тұратын екі құрамды тапсыратын боламыз. Қазір сол вагондарды құрастыру үстіндеміз. Желтоқсан айында пайдалануға тапсырамыз деп межелеп отырмыз. Жалпы екі кәсіпорын арасында 2021 жылға дейін жасалған ұзақмерзімді келісімшарт бойынша 608 вагон жасап, тапсыруымыз керек. Вагондарымыз Ресейде сынақтан өтіп, сертификатталған, – дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС Өндірістік директордың орынбасары Владимир Кисилев.
Оның айтуынша, қазір «Қазақстанда жасалған» таңбасымен құрастырылып жатқан тальголық вагондардағы қазақстандық үлес шамамен 30 пайыз деңгейін құрайды екен. Қазақстандық үлес вагон типіне қарай әртүрлі. Ең көп, яғни 30 пайыздық отандық үлес «Турист» санатындағы вагонда көрінеді. Қазақстанда металды құрылым жасалса, есік, терезелерді ресейлік компаниялар жтекізуде, ал вагон интерьері де испандық және ресейлік кәсіпорындардың қатысуымен жасалуда.
Толық қуатында жұмыс істеп жатқан жолаушылар вагонын құрастырушы зауыт экспортқа «Тұлпар-Тальго» вагондарын дайындауға да әзір екен. Қазір қазақстандық вагонға тек Иран елі қызығушылық білдіріпті. «Біздің вагондардан жасақталған бір пойыз Иран елінде сынақтан өтіп келді. Өзін жақсы жағынан көрсетіп, ирандықтар ризашылығына бөленді. Қазір бұл елмен келіссөздер жүргізілуде. Өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойылған. Бірақ, нақты келісімшарт жоқ», – дейді Владимир Викторович.
Екі жүзге жуық адам еңбек көрігін қыздырған зауытты аралап жүріп, оның тап-таза, заманауи жабдықтармен жабдықталып, еңбек қауіпсіздігі тәртібінің қатаң сақталғанына куә болдық. Жұмысшылар арнайы киіммен жабдықталып, жаңа құрал-аспаптармен жарақтандырылған. Жұмысқа түсер алдында міндетті түрде еңбек қорғау, еңбек және техника қауіпсіздіктеріне қатысты нұсқамалар өтіп тұрады. Жалақының берілуі жағынан да кінәрат жоқ. Қыста жылы, жазда қоңыр салқын. Асхана тұрақты жұмыс істейді. Қазір зауыт жұмыскерлері бес күндік жұмыс кестесіне көшкен. Жыл соңына қарай жұмыс көлемі көбейгенде екі ауысымдық кестеге көшулері мүмкін.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті