Көліктік-логистикалық орталық құрылысы басталады

Жаңалықтар
20.09.2016, 11:15
Оқуға 2 мин
Ақтөбеде халықаралық әуежайы маңынан жаңа маңызды нысан құрылысы басталғалы отыр. Көлік-логистикалық орталығы «Қазақстан теміржолы Экспресс» АҚ тапсырысы бойынша салынады деп күтілуде. Бүгінде нысан құрылысына қажетті құжаттар әзірленуде.     Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінен хабарлағандай, аймақтың логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында «ҚТЖ Экспресс» АҚ Ұлттық мультимодальды операторы «Қазақстан – жаңа Жібек жолы» бағдарламасы аясында көлік-логистикалық орталық құрылысының техникалық-экономикалық құжаттамаларын дайындап жатыр. 40 гектар алқапты қамтитын нысаннан Ақтөбе станциясына қарай жол тартылады. Аталған жоба құрылысы келесі жылы басталады деп күтілуде. Белгілі болғандай, Ақтөбе қаласындағы көлік-логистикалық орталығы Халықаралық әуежай маңында бой көтереді. Жобаға  Odissey компаниясы 70 пайыз, «KTZ Express» АҚ 30 пайыз үлеспен қатысады деп жоспарланған. Жобаың құны шамамен 10 миллиард теңгеден асады деп күтілуде. Айта кетейік, бүгінде аталған нысан құрылысына қатысты дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мәселен, «ҚазТрансГазАймақ», «Энергосистема», «Ақбұлақ» кәсіпорындарына электр, газ, су желілері мен кәріз құбырларына қосуға техникалық мүмкіндік беру қажеттілігі жөнінде қатынас қағаздары жолданды. Өз кезегінде аталған кәсіпорындар тарапынан газ, су, электр жүйелерін тартуға қажетті техникалық экономикалық негіздемелер де әзірленді. «KTZ Express» компаниясы тарапынан да Әуежай маңынан 40 гектар алқап бөлу жөнінде хат жолданған болатын. Қала әкімдігі жер телімін беру жөнінде шешім де шығарды. Көлік-логистикалық орталық Шымкент қаласындағы орталыққа ұқсас болады деп күтілуде. Стеллаждар мен тоңазытқыштары, көкөніс сақтау орны, контейнер алаңдары, әкімшілік және шаруашылық бөлмелері болады. Сонымен бірге, қонақ үй, алаң ішіндегі жолдар, қазандық, кәріз жүйелері, трансформатор желісі қарастырылған. Еліміздің батыс аймағындағы ең ірі логистикалық орталық қолданысқа беріліп, толық іске қосылғанжағдайда, Ақтөбе әуежайы қазіргі 5 орыннан үшінші орынға шығуы мүмкін деген болжам бар. Орталықтың кешенді қызмет түрлері жүктің кешігуіне жол бермейді. Тұрғындар үшін тауарлар бағасы да едәуір арзанға шығады. Құрылыс барысында мыңдаған жұмыс орны ашылады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ