Қалпына келтіру ісінің қыры мен сырына қанық болдық...

Жаңалықтар
23.09.2016, 15:44
Оқуға 4 мин
№41 Қызылорда қалпына келтіру пойызы ұжымы Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы 432 шақырымдық аумақтағы жылжымалы құрамның жолдан шығып қалуы немесе құрамдардың қақтығысы салдарын жоюға атсалысып, табиғи апаттар болып, шойын жол істен шыққанда темір жолдың түйіспелі желісін қалпына келтіреді.   26 адам қызмет атқаратын ұжымның 15 қыркүйекте Қараөзек бекетінде таң азаннан бастап кешкі сағат 18.00 дейінгі уақытта өткізген оқу-жаттығу шараларына газетіміздің Сыр бойындағы меншікті тілшісі ретінде қатысып, журналистік жұмысты қалпына келтіруші теміржолшы кәсібіне алмастырып көрген едік. Ұжым болатжолшыларымен бірге далалық жаттығуға қатысып, бір сәтке өзімізді нағыз теміржолшының орнында сезіндік. Әрине, кез-келген теміржолшының қызметін бірден меңгеру өзге саланың иелеріне оңай шаруа емес екендігі белгілі. Бекетке жеткен бойда өз міндеттеріне кіріскен қалпына келтіруші теміржолшылардың арасынан пойыз басшысы, құрметті теміржолшы Марат Оспановтың өзі маған бүгінгі жаттығу барысында атқарылатын жұмыстарды сипаттап, ең бастысы қауіпсіздік шараларына сақ болуымды тапсырып, тәлімгерім болды. Басыма каска, кеудеме жилет, қолға қолғап, аяққа етік киген мен бір сәтте қалпына келтіруші болып шыға келдім.  Оқу-жаттығу барысындағы практикалық сабақта қалпына келтірушілер технологиялық карта талабы бойынша ЕДК-1000/2, ЕДК-300/2 көтергіш краны 360 градуста бұру, рельс үстіне вагон-тележканы қою нормативі, жарамсыз халге ұшыраған жұп доңғалақты қауіпсіз және келесі келе жатқан пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмейтіндей бекетке жеткізуге мүмкіндік жасау секілді жағдайларда қалпына келтірушілердің дайындығы зерделеніп, тәжірибелерін арттыруға негізделіпті. –Бүгінгі оқу-жаттығуда ЕДК көтергіш кранымен жұмыс жасау, пойыз құрамындағы Т-350.1-ЯБЛ бульдозер тракторын платформадан жерге түсіріп, оқиға орнын тегістеп қайта тиеу, жылжымалы құрамды тросс көмегімен тасып тартатын БТТ-1 тягачты вагон-гараждан түсіріп қайта тиеу, доңғалақ жұбының жүруге жарамсыз халінде «балансир-құрылғы» арқылы авариялық халге ауыстыруға қажетті гидравликалық «ХЕШ» жабдығын орналастыру секілді апат орын алған жылжымалы құрамның келесі пойызға кедергі келтірмеуін қарастыру, құрамды келесі перегонға дейін аман жеткізу шараларын жасайтын қалпына келтіру пойызы ұжымының негізгі жұмысы сараланды және де бізбен бірге осы жаттығуға газет тілшісінің қалпына келтіруші болып қатысуы ұжым мүшелерінің өз міндеттерін үлгілік нұсқада атқаруына өзіндік әсер етті, – деп түсіндірме жасады Қызылорда қалпына келтіру пойызының бастығы Марат Оспанов. Жылжымалы құрамның қашан да амандығын тілейтін қалпына келтірушілердің жаттығуда тер төгіп шыңдалуы іс жүзінде «жеңілдікке» кепіл болатыны полигондық шеберлік жұмыстарында байқалғандай. Алып трактор мен көтергіш кранның қозғалысын игеру, рельст үстіне ауыстырылатын доңғалақ жұбын, вагон-тележканы белгілі уақыт ішінде дәлме-дәлдікпен қойып үлгеруге ұжым мүшелері әбден жаттықса керек, қимылдары шалт, әрекеттері сенімді болғандықтан жаттығу барысы айтарлық қиын болмаған секілді. Олардың арасында жүрген мен де тәлімгердің нұсқаулығын бұлжытпай орындауға тырыстым. Жаттығуды ойдағыдай өткізсем керек тәлімгерім тарапынан ескерту немесе өзге де шаралар жасалмағанына қуандым және де менің ондай нәрселер алмауыма ұжым мүшелерінің де көмегі тиді деп білемін. Дегенмен жаттығу алдындағы тәлімгерімнің өзіме және ұжым мүшелеріне арнап жасаған ауызша нұсқаулығында арқанды қолға орамау, тростың керілімінде, және тросты ілгенде белгіленген жерден ілу, белгілі қашықтықта тұру, көтергіш кранның айналым траекториясындағы сақтықты бұлжытпай орындау, іс-әрекет барысында аяқ астына абай болу, құрылғылармен, құрал-саймандармен жұмыс жасағанда техникалық қауіпсіздікке аса мән беру керектігі бірнеше мәрте қайталанып, ескертіліп, жылжымалы құрам мен қоса жұмысшының да амандығы баса айтылды. Бір күн бойы далалық оқу-жаттығу өткізген Қызылорда қалпына келтіру пойызы ұжымы белгіленген нормативтерді ойдағыдай өткізіп, кеш бата кері оралды. Жүздерінен шаршағандық байқалатын қалпына келтіруші теміржолшылар «жаттығуда шаршайық», тек жылжымалы құрамның оқыс жағдайға тап болуы болмаса екен деп телімдерден өтетін пойыздарда қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын, олардың барар нүктеге дін аман жетуін тілеп оралды. –Егер де бөлімше бойынша «тосын жайлар» орын алмаған жағдайда үш айда бір рет қалпына келтіру пойызының 25 шақырымнан кем емес қашықтыққа дейін барып полигондық оқу-жаттығу өткізуі бекітілген. Осыған орай бүгінгі полигондық жаттығу өткізіліп жеке құрам мен ұжымның дайындығы пысықталып, көздеген мақсатымыз, жүктелген тапсырмалар орындалды, – деді пойыз бастығы. Практикалық шыңдау жаттығуында Қызылорда байланыс және белгі беру дистанциясының теміржолшылары Бауыржан Өтегенов пен радиотеле оператор Сәкен Аяповтар дистанционды-динамикалы дауыс зорайтқыш «БРК-Гранит» құрылғысы арқылы тиісті НЖС-10 және ШЧ-39 мекемелерінің диспетчерлерімен байланыс орнатып, құзырлы органдардың жауапты тұлғаларымен хабарламалар алмасуға құрылғылардың жарамдылығы тексеріліп, жаттығуға пайдаланылған рациялардың іркіліссіз жұмыс жасауын бақыласа, Қазалы вагон пайдалану депосы теміржолшылары құрамның доңғалақтарының жайын, автоцепка құрылғысын, автотежегіштердің күйін бақылаудан өткізді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қараөзек

Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ